2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күніТолығырақ
Ашықтық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

«Қазақ газеттері» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің негізгі міндеті «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – Серіктестік) және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуді қамтамасыз ететін Серіктестіктің ішкі құжаттарымен регламенттелген ережелері мен рәсімдерді сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Комплаенс-қызмет өз өкілеттігін Серіктестіктің атқарушы органы мен лауазымды адамдарына қарамастан жүзеге асырады, Байқаушы кеңесіне есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болып табылады.

Комплаенс-офицер — Бейсембаева Алмагүл Ағыбайқызы (Серіктестіктің Байқаушы кеңесінің 2025 жылғы 25 шілдедегі шешімімен тағайындалды).

Серіктестікте сыбайлас жемқорлық фактілері немесе ықтимал құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ этиканы бұзу мәселелері бойынша хабарлай аласыз:

Барлық хабарламалар, соның ішінде анонимді хабарламалар өтініш берушінің құпиялылығын сақтай отырып, объективті түрде қаралатын болады.

Серіктестікті ақпараттандыру арналары арқылы хабарласа отырып, Сіз өзіңіздің жеке деректеріңізді комплаенс-офицердің өңдеуіне келісесіз.

Ішкі құжаттар

  • 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты

    Политика противодействия коррупции

  • 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына енгізілген өзгерістер

    Изменения в Политику противодействия коррупции

  • 3. Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясаты

    Политика выявления и урегулирования конфликта интересов

  • 4. Корпоративтік этика кодексі

    Кодекс корпоративной этики

  • 5. Комплаенс-офицер туралы ереже

    Положение о комплаенс-офицере

  • 6. Сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша өтініштерді қабылдау және қарау ережесі

    Правила приёма и рассмотрения обращений по вопросам коррупции

  • 7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

    Антикоррупционный стандарт

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар

2026 ж.
  • 2026 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесіндегі талдамалық анықтама Жүктеу
  • ВАКР нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары Жүктеу
2025 ж.
  • 2025 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесіндегі талдамалық анықтама Жүктеу
  • ВАКР нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары Жүктеу
  • 2025 жылғы СТІТ бірінші мониторингі Жүктеу
  • 2025 жылғы СТІТ екінші мониторингі Жүктеу

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері талқыланды

«Қазақ газеттері» ЖШС-де ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің бірінің қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері талқыланды.

Отырыс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау, қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен пікірлермен алмасу, сондай-ақ персоналды басқару, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мәселелері бойынша талдамалық анықтамада көзделген ұсыныстарды пысықтау өтті.

Жария тыңдаулардың қорытындысы бойынша анықтамада көрсетілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу тапсырылды.

06.10.2025

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін көпшілік алдында талқылауды жүргізу туралы

«Қазақ газеттері» ЖШС №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ТББ жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес 2025 жылы 13 қазан күні сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін көпшілік алдында талқылауды жүргізуді жоспарлап отыр.

Талқылауға қатысуға ниет білдірушілер 8 (7172) 37-67-31 телефоны бойынша немесе Астана қаласы, Егемен Қазақстан газеті көшесі, 5/13 мекенжайы бойынша жүгіне алады.

АНОНС: «Қазақ газеттері» ЖШС-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес «Қазақ газеттері» ЖШС-де 2025 жылғы 9 қыркүйек пен 20 қазан аралығында өз қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда.

Ішкі талдау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: 1) Серіктестіктің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) Серіктестіктің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Оқыту іс-шаралары

2026 ж.

17.07.2026

Қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқудан өтті

«Қазақ газеттері» ЖШС-де 2026 жылғы 17 шілде күні қызметкерлердің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кезекті оқыту іс-шарасы өтті.

Оқыту заңнаманың өзекті өзгерістері тұрғысынан мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер тақырыптарына арналды.

25.06.2026

«Мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер» тақырыбында оқыту өткізілді

Қызметкерлердің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Қазақ газеттері» ЖШС-де 2026 жылғы 25 маусым күні «Мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту іс-шарасы өткізілді.

Оқыту іс-шараларын өткізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-жүйенің тиімділігін арттыруға, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде заңдылық, ашықтық және адалдық қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ ұжымда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын қалыптастыруға ықпал етеді.

27.02.2026

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өткізілді

2026 жылғы 27 ақпанда «Қазақ газеттері» ЖШС-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қызметкерлер үшін кезекті оқыту іс-шарасы өткізілді.

Комплаенс-офицер қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптарын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік шараларын, жүгінген кездегі іс-қимыл алгоритмін, сондай-ақ мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу тәртібін түсіндірді.

Іс-шара «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» төртінші үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде өткізілді.

2025 ж.

03.12.2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту жүргізілді

«Қазақ газеттері» ЖШС-де 2025 жылдың 3 желтоқсанында қызметкерлер үшін оқыту іс-шарасы өткізілді.

Спикер ретінде Freedom Telekom Holding комплаенс-офицері, заң ғылымдарының магистрі, кәсіби бухгалтер және аудитор Ерасыл Жардемов сөз сөйледі. Ол «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» 4-ші үлгілік базалық бағытын іске асырудың негізгі сәттерін, квазимемлекеттік сектордағы комплаенс қызметінің аспектілерін, сондай-ақ мүдделер қақтығысы мәселелерін және оларды реттеу тәсілдерін ашты.

Қызметкерлер талқылауға белсенді қатысып, спикерге сұрақтар қойды. Оқыту қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.

30.09.2025

«Қазақ газеттері» ЖШС қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» төртінші үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде 2025 жылғы 30 қыркүйекте «Қазақ газеттері» ЖШС-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған оқыту іс-шарасы өткізілді.

Комплаенс-офицер А. Бейсембаева Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі аспектілерін түсіндірді, ұйымның ішкі құжаттарымен таныстырды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық және корпоративтік этиканы бұзу фактілері туралы хабарлау үшін «Жедел желі» жұмысы туралы хабардар етті.

22.08.2025

Қызметкерлер үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» семинары өткізілді

2025 жылғы 22 тамызда «Қазақ газеттері» ЖШС комплаенс-офицері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында қызметкерлер үшін оқыту семинарын өткізді.

Оқыту іс-шарасы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» төртінші үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлық картограммасы

  • 1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі (2026 жыл)

    Жүктеу
  • 2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдар тізілімі (2026 жылғы жағдай бойынша)

    Жүктеу