2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күніТолығырақ
Компания

Вакансиялар

Өзекті бос орындар және түйіндеме жіберу.

Өндірістік блок · «Егемен Қазақстан» газеті · Меншікті тілшілер желісі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші

Білімі
Жоғары
Кәсіби құзыреттілік
  1. Серіктестіктің еңбек тәртібі ережелері;
  2. Авторлық құқық негіздері, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының БАҚ мәселелері туралы заңдары, әдеби редакциялау нормалары, авторлық құқық және еңбек заңнамасы;
  3. Елдегі және шетелдегі саяси процестердің, экономикалық және мәдени өмірдің дамуындағы өзекті мәселелердің ерекшеліктерін түсіну;
  4. Келіссөз жүргізу дағдыларын, іскерлік қарым-қатынас этикасын білу;
  5. Қазіргі заманғы техникалық байланыс және коммуникация құралдарын, компьютерді пайдалана отырып ақпаратты өңдеу шеберлігін білу.
Практикалық тәжірибе
Журналист ретінде кемінде 3 жыл жұмыс өтілі
Лауазымдық міндеттері
  1. Аймақтағы маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық оқиғаларды жедел көрсету, аналитикалық мақалалар мен шолулар дайындау, басқа да ақпараттық жанрларда жұмыс жасау;
  2. Республика аймақтарында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қадағалау және қамту;
  3. Материалдарды дайындау үшін облыстардағы мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара байланыс орнату;
  4. Облыс бойынша жазылу науқанын жүргізу, жарнаманы іздеу және дамыту.

Әкімшілік басқару блогі · Әкімшілік персоналы

Ақпарат қауіпсіздік маманы

Білімі
Ақпараттық қауіпсіздік бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қажетті білімі, сонымен қатар бағдарлама ІТ саласында базалық құзыреттері бар, оның ішінде Windows және Linux операциялық жүйелерінің жұмыс принциптерін, желілік хаттамаларды түсінетін және командалық жолда жұмыс істеу дағдыларын меңгерген
Кәсіби құзыреттілік
  1. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік материалдарды;
  2. Серіктестіктің және оның бөлімшелерінің даму перспективаларын, мамандануы мен қызметінің ерекшеліктерін, бөлімшелердің өзара іс-қимыл сипатын және қызметтік ақпараттың өту тәртібін;
  3. Ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-математикалық құралдарын, олардың перспективалары мен даму бағыттарын;
  4. Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі құжаттаманы ресімдеу тәртібін;
  5. Ақпаратты талдау және қорғау әдістерін;
  6. Ақпаратты қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруын;
  7. Техникалық барлау және ақпаратты қорғау саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені.
Практикалық тәжірибе
Ақпарат қауіпсіздік мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі
Лауазымдық міндеттері
  1. Ақпаратты қорғаудың арнайы техникалық және бағдарламалық-математикалық құралдарын жобалау және енгізу, ақпараттық жүйелерді қорғаудың ұйымдастырушылық және техникалық шараларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты орындайды;
  2. Ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары мен тәсілдері бойынша ғылыми-техникалық әдебиеттерді, нормативтік және әдістемелік материалдарды іріктеуді, зерделеуді және қорытуды жүзеге асырады;
  3. Техникалық тапсырмалардың жобаларын, ақпаратты техникалық қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізу жоспарлары мен кестелерін қарауға, қажетті техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысады;
  4. Есептеулер әдістемесін және ақпаратты техникалық қорғау бойынша эксперименттік зерттеулер бағдарламасын жасайды, әзірленген әдістемелер мен бағдарламаларға сәйкес есептеулерді орындайды;
  5. Ақпаратты қорғау жүйесін техникалық қамтамасыз етуді әзірлеуді, ақпаратты қорғау құралдарына техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, ақпаратты қорғаудың тиімділігін жетілдіру және арттыру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар жасауға, ғылыми-техникалық есептердің бөлімдерін жазуға және ресімдеуге қатысады;
  6. Ақпаратты қорғау бойынша ақпараттық шолулар жасайды;
  7. Ақпаратты қорғаудың қолданыстағы жүйелері мен техникалық құралдарының жұмыс қабілеттілігі мен тиімділігіне бақылау тексерулерін жүргізеді, бақылау тексерулерінің актілерін жасайды және ресімдейді, тексерулердің нәтижелерін талдайды және қабылданатын шаралардың тиімділігін жетілдіру және арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
  8. Техникалық саясатты әзірлейді және техникалық бақылау құралдарын дамыту болашағын айқындайды, құпия ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмайтын немесе айтарлықтай қиындататын жаңа техникалық және бағдарламалық-математикалық қорғау құралдарын әзірлейді және енгізуді ұйымдастырады.
Біліктілік талаптары (DOCX)

Түйіндеме жіберу

Өтініш статусын тексеру