Рухани азық
1 мин оқу 227
ТҰЙЫҚСУ ҚАҚПАСЫ
21 сәуір 2022

Тұйықсу қақпасы – Кіші Алматы шатқалының орта деңгейіндегі мәңгі мұздықтар жолын бөгеп жатқан аса ірі құз-шыңдар тізбегі. Шығысында Абай шыңының сілемі жатыр, қасында «Тауда қайтыс болғандар» мемориалы, «Тұйықсу» тау лагері, Қарабұлақ сарқырамасы мен «Тұйықсу қақпасы» қонақжайы бар. Мыңжылқы – Алматыдан 28 шақырым жердегі Кіші Алматы өзені бастауындағы мекен. Оны Тұйықсу мұздықтары қоршап тұр. Бұл жерден шыңдар мен Титов асуына апаратын жолдар басталады. Шатқалда 1936 жылдан бері ауа райы мен Кіші Алматы өзеніне күні бойы бақылау жасайтын Мыңжылқы гидрометерелогиялық станциясы жұмыс істейді. Оңтүстігінде күшті су тасқынына қарсы бөгет бар.







