Жүзге жуық шағын грант ұсынылады

7 сәуір 2022
Жүзге жуық шағын  грант ұсынылады

Шағын гранттарды жүзеге асырудың арқасында ірі қалалар мен ауылдық жерлердің тұрғындары цифрлық, қаржылық, компьютерлік сауаттылығы мен тілдерді меңгеру деңгейін ақысыз негізде арттыра алады.

Республикада «Birgemiz Bilim» жалпы ұлттық жобасы іске асырыла бастады. Оның негізгі мақсаты – волонтерлерді тарту арқылы тұрғындардың, оның ішінде ауылдық жерлердегі халықтың цифрлық, қаржылық, компьютерлік сауаттылығы мен тілдерді меңгеру деңгейін арттыру. Жоба жетекшісі, «Жастар қызметкерлері қоғамдастығы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Айгүл Абдулинаның айтуынша, үш жылдық жоба аясында волонтерлік ұйымдар мен бастамашыл топтарға кем дегенде 90 шағын грант бөлінбек.

«2024 жылға дейін біз кон­курстық негізде жыл сайын 30 шағын грантты жүзеге асыратын боламыз. Мөлшері кем дегенде 300 мың теңгені құрайтын гранттық қаражат білім беру саласындағы әлеуметтік мәсе­лелерді шешуге бағытталған бастамаларды іске асыру мақ­саттарына берілетін болады. Бұл шет тілін үйрену курстарын ұйымдастыру, сандық немесе қаржылық сауаттылықты арттыру сияқты жобалар болуы мүмкін. Шағын гранттарды жүзеге асырушылар өз көмегін тегін көрсететін болады», – деді ол жобаны таныстыру барысында.

Бұдан бөлек, «Birgemiz Bilim» жалпы ұлттық жобасын іске асыру аясында қазақстан­дықтардың білім беру саласында неге мұқтаж екендігі анық­талып, олардың цифрлық, қар­жылық, компьютерлік сауат­тылығын арттыруға ар­налған оқытуды ұйымдастыру мақса­тында волонтерлер даярланады, сондай-ақ, үш жылдың қорытындысы бойынша сараптамалық баяндама әзірле­неді деп күтілуде.

Асылжан Еламан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз

Жүзге жуық шағын грант ұсынылады · Мұрағат