Жасыл экономика
3 мин оқу 494

Жеңімпаздардың есімдері анықталды

29 қазан 2021
Жеңімпаздардың  есімдері анықталды

Нұр-Сұлтан қаласында кезекті «Жасыл кеңсе» III республикалық конкурсының қорытындысы жарияланды. Отандық компаниялардың өзіндік экологиялық саясаты мен энергия үнемдеу тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған байқау жеңімпаздары қатарында – еліміздің ең танымал кәсіпорындары мен компаниялары болды.

Байқаудың мақсаты – үздік эко­логиялық тәжірибелерді және жасыл кеңселерді ресурс үнемдеуді, сондай-ақ қызметкерлердің денсау­лығына қамқорлық жасайтын кор­поративтік бағдарламаларды таны­­мал ету. Конкурстың қазылар алқасы 100 үміткерден қазақстандық 30 көш­­басшы экономиканың «жасыл» үлесін атап өтті. Арасында өнеркә­сіп, шағын және орта бизнес, білім беру, денсаулық сақтау және сервис мекемелері қатысқан. Қызметкерлер үшін салауатты еңбек жағдайын жақсарту, ресурстарды үнемдеудің заманауи тәсілдері мен қалдықтарды сұрыптау және өңдеу жұмыстары бағаланды.

Биылғы жеңімпаздар қата­рында – елімізге танымал бал­мұздақ өндіруші «Шин-Лайн» ком­паниясы да бар. Бүгінгі күні ком­пания эколог-инженер Динара Сыдықованың басшылығы­мен бизнес-серіктестерінің өзара қарым -қатынасын, қызметкерлер командасының өз тәжірибесі мен бастамаларының арқасында елеулі нәтижелерге қол жеткізе алды. Айтар болсақ, ресурстарды пайдаланудың «ақылды технологияларын» енгізу, энергия шығындарын азайту, өз ұңғымасынан суды пайдалану және оның шығындарын есепке алу, қызметкерлерді экология саласында оқыту, артық сатып алудан бас тарту, үй-жайларды жинаудың қауіпсіз құралдары мен технологияларын пайдалану, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеуге беру – бұл компа­нияның бүгінгі таңда «Жасыл кеңсе» құрметті мәртебесін алу үшін қабыл­даған қадамдарының бір бөлігі ғана.

– Біздің кәсіпорынның өндірісті техникалық жаңғыртуда мол тәжіри­бесі бар. «Жасыл кеңсе» біз үшін бұл ең алдымен жауапкершілік: ресурстарды (су, жылу, электр энергиясы) үнемдеу негізінде бизнес жүргізу, яғни қоршаған ортаның ластануын азайту. Мұндай тәсіл жалпы қаражатты тиімді сақтайды және қызметкерлерге еңбек жағдайларын жасауға, өңірдің және тікелей жергілікті қоғамдастықтың экологиялық әл-ауқатына қатысты тәсілдерімізді жетілдіруге мүмкін­дік берді, – деді «Шин-Лайн» ЖШС бас ди­ректоры Владимир Пак.

Компания қазірдің өзінде үл­кен өндірістік және экологиялық тәжіри­беге ие. Жүргізіліп жатқан жаңа өндірістік кешеннің ауқымды құрылысы көптеген озық технология­ларды жобалау кезеңінде қаланды, сондықтан ресурстарды үнемдеу және қоршаған ортаға тигізер әсерін болдырмау ескерілген. Компанияның «Жасыл кеңсе» даму картасына қосылуы туралы балмұздақты жеткізу үшін пайдаланылатын көлік қатты бөлшектердің катализаторларымен және отынды жағу жүйесімен жабдықталған Еуро 5 стандартымен іске асырылады. Бұл экологиялық көрсеткіштерді және атмосфера ауасына шығарындыларды айтарлықтай азайтады.

Кәсіпорын «Жасыл кеңсе» қозға­лысының бағыттарын жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруды және 2025 жылға қосымша су шығындарын 10%-ға, электр энергиясын 20%-ға азайтуды, бұл ретте қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеуге беру көлемін 40%-ға ұлғайтуды, қоғамдық кеңсе кеңістіктерін көгалдандыруды 35%-ға жүзеге асыруды және құрылыс жұмыстары басталғанға дейін бос жерлер аумағына, сонымен қатар іргелес учаскелерде кезең-кезеңімен ағаш отырғызуды жүргізуді, жергілікті қоғамдастықтың эко бастамаларына белсенді қатысуды және қолдауды жос­парлап отыр.

– Күн сайын көптеген компа­ния­лар мен ұйымдар «Жасыл кеңсе» экологиялық идеясына қосылуда. Айтарлықтай қарапайым әрекет­тердің көмегімен табиғи ресурстарды пайдалануды азайтуға болады. Конкурстың барлық қатысушылары электр энергиясын тұтыну көле­мін төмендету, жылу энергиясын үнемдеу, ластануға жол бермеу және қалдықтарды дұрыс кәдеге жаратуға бағытталған. Болашақ­та қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосатын осындай тұрақты кеңселер мен өндірістер де болады, – деді «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясының» атқарушы директоры Асхат Сүлейменов.

Аталмыш байқау 2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағ­дарламалар кеңсесінің және Экология, геология және табиғи ресурс­тар министрлігінің қолдауымен он номинация бойынша өтуде, оған мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау мекемелері­нің, коммерциялық және сауда құры­лымдарының, индустрияның, ха­лықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ-ның өкілдері қатысты. «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» конкурсын ұйымдастыру барысында он бағыт бойынша 100-ден астам өтінім қабылдады. Бүгінгі күні олардың арасынан 30 жеңімпаз іріктеліп отыр.

НҰРЛАН ҚҰМАР

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз

Жеңімпаздардың есімдері анықталды · Мұрағат