Экология
1 мин оқу 672

Cұрыптау кешені іске қосылды

6 қазан 2016

Жақында Орал қаласының іргесіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс сұрыптау кешені жұмысын бастады. 

«ЭКО-плюс» ЖШС компа­ния­сының директоры Ерік Маш­баевтың айтуынша, қоқыс қалдықтарын сұрыптау ке­шенінде әзірге қаңылтыр, металл, әйнек, полиэтилен пакеттері, картон сықылды қоқыс қалдық­тары сұрып­талып, одан әрі қарай өң­деу­шілерге жет­кізіледі. Мұнда жылына 100 000 тонна қалдықтарды сұрыптауға болады екен. Алдағы уақытта бұл кешенде жұмыс күші көбеймек.  
– Қаладан әкелінген қоқыстар алдымен қабылдау алаңына төгіледі. Кейін қоқыс қалдықтары екі жолақ конвейер арқылы сұрыптаушы топқа жеткізіліп, сұрыпталады. Одан қалған қоқыс қалдықтары жүк көлігіне тиеліп, тиісті орындарға жөнелтіледі. Жылына жалпы қоқыс қалдықтарының 60 пайызға жуығы қайта өңдеу орындарына жіберіледі, – деп түсіндірді «ЭКО-плюс» ЖШС-ның кеңесшісі Бекболат Жұматаев.   
«Эко-плюс» компаниясы полигонды Орал қалалық әкімдігінен 2014 жылдан бастап 10 жыл мерзімге сенімді басқаруға алған. Қазір сұрыптау кешенінде  12 адам жұмыс істейді. 2015 жылы 55 мың тонна қоқыс қалдықтары төгілсе, биылғы 8 айда қоқыс полигонына 43 мың тонна қоқыс қалдығы жеткізілген. 

Гүлнар ШӘҢГЕРЕЙ,
Орал қаласы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз

Cұрыптау кешені іске қосылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар