Руханият
1 мин оқу 996

ЕДІРЕЙ ТАУЛАРЫ (МӘДИДІҢ ҚАРА ҮҢГІРІ)

2 ақпан 2023
ЕДІРЕЙ ТАУЛАРЫ (МӘДИДІҢ ҚАРА ҮҢГІРІ)

Едірей таулары – Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Едірей ауылы маңында орналасқан. Бұл – Сарыарқадағы Арқалық және Мыржық тауларының солтүстіндегі таулы жоталар. Ол жақпартасты шоқылар мен қырқалардан тұрады. Осы тауларда ақын Мәди Бәпиұлының үңгірі орналасқан.

Едірей сөзінің шығу тарихын түрік этимологиясымен байланыстырады: көне түрікте «ед» – жеті мағынасын берсе, «әрей» – арай дегенді білдіреді.

XVIII ғасырдың 20-жылдарындағы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қасіреті мен 30-жылдары қайталанған жоңғар шапқыншылықтарынан елді сақтап қалу мақсатымен Қазыбек би өзіне қарасты руларды Сыр бойынан Арқаға көшіріп, кейінірек 40-жылдары Едірей, Үшқара, Арқалық және т.б. өңірлерге қоныстанған.

Мәди Бәпиұлының балалық шағы Едірей тауларының маңында өткен. Ақынның өлеңдерінде Үшқара, Едірей таулары жиі айтылады. Ақын Мәдиге негізсіз айыптар тағылып, қудалауға ұшыраған кездері осы үңгірді паналаған.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз