Руханият
1 мин оқу 770

ДОМБАУЫЛ КЕСЕНЕСІ

5 қаңтар 2023
ДОМБАУЫЛ КЕСЕНЕСІ

Домбауыл кесенесі – ортағасырлық сәулет-өнері ескерткіші. Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде, Қаракеңгір өзенінің сол жағасында орналасқан.
Астыңғы қабаты шаршы пішіндес, үстіне киіз үй тәріздес күмбез салынған. Астыңғы бөлігінің аумағы 8,9×7,9 м, қабырға­сының қалыңдығы 2 м-дей, ішінің аумағы 4×4 м, есігі сопақшалау етіліп оңтүстік-шығыс жақтан шығарылған. Бұған жалпы биіктігі 1,2 м болатын төрт баспалдақ арқылы кіреді. Кешеннің еденіне тас аралас топырақ жайып, оның үстіне жалпақ тақта тастар төселген. Қабырғалары З м-ге көтеріліп, көлденең бөренелермен жабылған. Бұлардың барлығы тас қалаудың қола дәуірінен бергі ежелгі дәстүрінен алынған. Осы дәстүрді кешеннің төбесін жабу кезінде де қолданған. Кешен ұзақ уақыт жақсы сақталып, уақыт өте келе біршама қираған. Ескерткіштің дәл мерзімін анықтайтын дерек әзірге жоқ. Қазақстан жеріне тән сыртқы келбетіне қарап, ғалымдар оны ислам дініне ене қоймаған кезеңге жатқызады (8-9 ғасырлар).

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз

ДОМБАУЫЛ КЕСЕНЕСІ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар