Қоршаған ортаны қорғау – баршаның парызы

Алматыда «Орталық Азиядағы климаттың өзгеруінің әсерін ескере отырып, төмен көміртекті дамуға арналған өңірлік ынтымақтастық» атты 2-ші халықаралық Орталық Азия форумы өтті.
Форумның мақсаты – төмен көміртекті саясат саласында тәжірибе және білім алмасу, үздік тәжірибелерді көрсету, климаттың өзгеруінің әсерін ескере отырып, өңірде көміртекті бейтараптықты одан әрі ілгерілету үшін міндеттер қоюда бірлескен іс-қимыл үшін серіктестік пен ынтымақтастықты жолға қою. Шараның алғашқы күнінде Орталық Азия елдерінде қабылданған саяси ұстаныммен танысу және талқылау бойынша пленарлық және секциялық отырыстар жоспарланды. Онда Орталық Азиядағы ауылшаруашылығы, орман шаруашылығы және басқа да жер пайдалану (AFOLU) секторындағы өңірлік ынтымақтастық шеңберінде климаттың өзгеруінің әсерін ескере отырып, төмен көміртекті даму үшін қаржыландыруды күшейту және ынталандыруды құру мәселесі қозғалды. Ал екінші күнінде азаматтық сектор өкілдері мен мүдделі тараптар үшін халықаралық ұйымдардың шетелдік тренерлер мен мамандардың қатысуымен семинарлар ұйымдастырылды. Орталық Азия елдерінде сарапшылар желісін қалыптастыру және қоғамдық әлеуетті арттыру мақсатында мемлекеттік бағдарламалар мен стратегияларды талқылау процестеріне толыққанды қатысу, сондай-ақ мемлекеттер үкіметтерінің шешімдер қабылдау деңгейіне сараптамалық ықпал ету тәсілдері талқыланды. Форумда пікір алмасу барысында қатысушылар Орталық Азияның үкіметтері, азаматтық қоғамы және жеке ұйымдары климаттық тәуекелдерді ескере отырып, аймақтағы төмен көміртекті дамуға көшу кезінде өздерінің ұжымдық күш-жігерін қалай нығайта алатынын терең түсінуге, климаттың өзгеруіне байланысты мәселелерді бірлесіп шешу үшін үкіметтердің, жеке сектор ұйымдарының және азаматтық қоғамның көзқарастарының әртүрлілігін ескере отырып, аймақтық алмасуды жеңілдету жолдарын қарастыруға мүмкіндік алды.
Қазірдің өзінде Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі экологияға теріс әсер етуде. Қоршаған орта, инфрақұрылым және жалпы экономика климаттың өзгеруіне байланысты тікелей биофизикалық және сәйкесінше әлеуметтік-экономикалық тәуекелдерге тап болады. Климаттың өзгеруінің әсері су тапшылығы, биоәртүрліліктің жоғалуы, жердің деградациясы және табиғи ресурстарды тұрақсыз пайдалану сияқты бұрыннан бар қауіптермен күшейе түсті. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және басқа да жерді пайдалану (AFOLU) секторына тікелей қатысты.
Климаттың өзгеруін азайтудың жаһандық саясаты Орталық Азиядағы экономика мен қоғамға үлкен әсер етеді, өйткені негізгі сауда серіктестері (мысалы, ЕО, АҚШ және Қытай) энергия өндірісін, өнеркәсіпті, көлік пен тұрғын үйді декарбонизациялау шараларын алға жылжытуда, сондай-ақ бастапқы ресурстар мен тауарларды тұтыну үлгілерін өзгертуде. Бұл Орталық Азияға әсер ету дәрежесі әр түрлі елдерде әрқалай болады. Алайда оның салдары барлық жерде сезілетін болады, өйткені іс жүзінде барлық негізгі секторларда ресурстарды тиімсіз пайдалану байқалады, бұл компаниялар мен жалпы экономика үшін жоғалған пайдаға ғана емес, сонымен қатар төмен көміртекті дамудың жаңа талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттіліктің төмендеуіне әкелмек.
Осы климаттық қатерлерге және трансформациялық тәуекелдерге жауап ретінде Орталық Азия елдері Париж келісімі шеңберінде өз мақсаттарына қол жеткізу бойынша міндеттемелер алады және климаттың өзгеруінің әсерін, оның салдарын жеңілдету талаптарын ескере отырып, өз экономикаларының даму жолдарын іздейді. Бейімделу шаралары мен парниктік газдар шығарындыларын азайту шаралары мен олардың бір-біріне күшейтетін немесе теріс әсер етуі арасындағы тығыз байланыстың дәлелі барған сайын артып келеді, бұл климаттық саясаттың негізгі контексті ретінде климаттық әрекеттерді жоспарлау кезінде экономиканың әртүрлі секторларындағы ықтимал синергия мен мәмілеге келуді ескере отырып, тұрақты дамуды қарастыру қажеттілігін көрсетеді.
Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың артықшылықтары мен қажеттілігі барған сайын айқын бола түсуде. Трансшекаралық ынтымақтастық және табиғи ресурстарды басқарудың жүйелі тәсілдері (мысалы, су, биоалуантүрлілік, қорғалатын табиғи аумақтар немесе дренажды бассейндер), сондай-ақ климаттық әрекеттердегі ынтымақтастық үлкен маңызға ие.
Орталық Азия аймағындағы климаттың өзгеруінің әсерінің күшеюі және алдағы тәуекелдер ортақ мақсаттарға жету үшін серіктестік пен ынтымақтастық аса қажет. Бизнес, билік және азаматтық сектор өкілдері арасында білім, тәжірибе және ең жақсы тәжірибелермен алмасу аймақтағы бірлескен іс-қимылдардың бастауы болатыны сөзсіз.
САЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН







