АЙДАРЛЫАША ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚИМАСЫ

Бұл ғасырлар тереңіне үңілуге мүмкіндік беретін халықаралық маңызы бар табиғи ескерткіш. Айдарлыаша геологиялық қимасы Ақтөбе қаласынан 45 км қашықтықта орналасқан. Ол Хромтау ауданындағы Ақжар ауылына дейін жетеді. Оған Ақжар ауылынан батысқа қарай бағыт ала отырып, Қызылжар ауылдық округі Ақтөбе мен Хромтау ауданы арасындағы шекараға бағдарлана келіп, Айдарлыаша өзеніне қарай 10 километрге жуық жол жүру қажет. Әрі қарай, шамамен 50 метр биіктіктегі жер түзілімдерінің тік қабатын көзбен көрсететін өзен жағасындағы қимасымен жүру керек. Ол Айдарлыаша өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Егер мұнда түнеп қалу қажеттілігі туындаса, Ақжар ауылының жанында екі ірі – Хромтау және Қарғалы ауылдық округтері бар. Бұл жерлерде дәмхана, монша, қолжетімді интернет және автотұрақтары бар эконом-класты қонақ үйлер жолаушыға жайлы қызмет көрсетеді. Ақжар ауылында шағын қонақ үйлер, жергілікті азық-түлік дүкендері де бар. Жалпы Ақтөбеден қимаға дейінгі жол соншалықты ұзақ емес. Бірақ жолда ауыз су мен термосқа құйылған ыстық шай, жеке гигиена құралдары әрқашан өзіңізбен болғаны абзал.







