Іскерлік журналистикаға арналды

1 желтоқсан 2022
Іскерлік  журналистикаға  арналды

Іскерлік журналистика – медиа-нарықтағы ең сұранысқа ие мәртебелі мамандық болып табылады. Экономикалық ақпаратпен жұмыс істеу – бизнес-журналистиканы медиа-қызметтің басқа салаларынан ерекшелендіріп тұратын бір қыры.

Экономикалық ақпа­ратпен жұмыс істеу, сандар мен факті­лерді, цифрларды сөйлете білу, нарық заңдары мен кәсіпкер  аудитория­ның қажеттіліктерін түсіну бизнес-журналистиканы медиа-қызметтің басқа салаларынан ерекшелендіріп тұрады. Сала мамандары мен зерттеушілер іскерлік ортаның жай-күйіне талдау жасап, ком­му­никациялық үдерістерді басқарудағы журналистиканың орны мен рөлін ой елегінен өткізіп отырады.

Осындай мақсатпен жуыр­да Ақпарат және қо­ғамдық даму министрлігі мен К.Сағадиев атында­ғы Халықаралық бизнес университеті бірлесіп, «Іскерлік mass-media және олардың Қазақстандағы экономикалық, әлеуметтік қатынастарды дамыту­дағы рөлі» атты форум-конфе­ренция өткізді. Оқу орда­­сы­ның ғылыми зерттеулерді басқару бөлімі мен әлеу­меттік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы мұ­рын­дық болған жиынның жұмысына университет ректоры Анар Мұсақызы Махметова ханым сәт сапар тіледі.    

Бүгінгі таңда К.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің журналистика және қоғаммен байланыс мамандығы бойынша түлектері газет-журнал және телерадио редакцияларында, ірі компаниялар мен фирмалардың қоғаммен байланыс бөлімдерінде және мемлекеттік басқару орындарында жемісті жұмыс істеп жүр.

ЖЕТПІСБАЙ БЕКБОЛАТҰЛЫ

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз

Іскерлік журналистикаға арналды · Мұрағат