Медиафорум табыспен өтті

Алматыда еліміздің ақпараттық нарығын дамыту мәселелеріне арналған жыл сайынғы салалық медиақұрылтай өз жұмысын табыспен аяқтады.
Биылғы жиынның басты тақырыбы «Сыртқы қауіптер мен ішкі қатерлер дәуіріндегі медиа» деп аталды. Конференцияның ұйымдастырушысы әрі бастамашысы – Қазақстан Баспасөз клубы.
Chevron компаниясы, сондай-ақ Қазақстандағы Internews Network халықаралық ұйымының өкілдігі, АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі, «Халық банкі», «Эйр Астана» компаниясы іс-шараға қолдау көрсетіп, серіктес болды.
Қазақстан Баспасөз клубының президенті, жобаның авторы Әсел Қарауылова жиын мінберінен сөйлеген қорытынды сөзінде: «Біз биыл 14-ші рет бас қостық. Конференцияда әріптестеріміз саланың көкейтесті мәселелерін кеңінен талқылады. Соңғы медиақұрылтайдан бері еліміздің өміріне орасан зор әсер еткен оқиғалар орын алды. Бұл жағдайлар Қазақстанның сырттан әсер ету ықпалына осал екенін көрсетті. Жиынға қатысушылар ақпараттық тәуелсіздік стратегиясын әзірлеу және отандық медианың қоғам өміріне ықпалын арттыру қажет, деген ұйғарымға келді», – деп атап өтті.
ЕРНАР ОРМАНОВ







