Мәдениет & Спорт
1 мин оқу 220

Республика күніне орай «Есік» музей-қорығының көрмесі ашылды

27 қазан 2022
Республика күніне орай «Есік» музей-қорығының  көрмесі ашылды

Республика күніне орай «Есік» музей-қорығының көрмесі Түркістан облысындағы «Отырар» музейінде ашылды.

«Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан» атты көрме көрерменннің көзайымына айналды. Оның ішінде әйгілі Алтын адам да бар.

– Алтын адамның табылуы тарихи санамызға қандай төңкеріс жасағанын, түп-төр­кінімізді тануда, тарихымызды безбендеуде қандай рөл атқарғанын қазір ел жақсы бі­леді. Осындай асыл жәдігермен түркістандық жұртшылық толық таныссын деп осы көрмені арнайы ұйымдастырдық, – дейді «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Мұхтарова.

Көрменің мақсатын, көрмеге қойылған жәдігерлердің құнды­лығын Гүлмира Мұхтарова жан-жақты түсіндіріп, экскурсия жүргізді.

2010 жылы қорық-музейдің алғашқы директоры қызметіне сайланып, оның іргетасын қалаған Гүлмира Райылқызы осы музейді еліміздегі музей жұ­мысының барлық саласы бойынша алдыңғы қатарлы танымал ғылыми-зерттеу, туризм объектісіне айналдырды.

2012 жылы Республикалық маңызы бар музей қорларының арасында алғашқылардың бірі болып ғылыми-зерттеу мекемесі ретінде археологиялық зерттеу­лер жүргізу құқығын беретін лицензияға ие болды. Осындай көп жұмыстар атқарған Гүлмира Мұхтарованың өзі биыл мерейлі жасқа келіп отыр, еңбегі елеулі, айналасына абыройлы ғалымның биылғы жетістіктері де әріптестерін қуантып жатыр. Көрнекті ғалымға әрдайым табыс тілейміз.

Досбол Байғонақов,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің деканы,

тарих ғылымдарының

докторы, профессор

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз

Республика күніне орай «Есік» музей-қорығының көрмесі ашылды · Мұрағат