Саясат
1 мин оқу 480

Бауырлас елдердің бағдары бір

13 қазан 2022
Бауырлас елдердің бағдары бір

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип  Ердоғанмен келіссөз жүргізді.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға ілтипат білдіріп, Қазақстанға мем­лекеттік сапармен келгені үшін ризашылығын жеткізді.

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа мамыр айында Түркияға мемле­кеттік сапары мен Нью-Йорктегі екіжақты кездесуден кейін қайтадан жүздесіп отырғанына қуа­нышты екенін атап өтіп, қонақжайлығы үшін алғыс айтты.

– Сіздің көшбасшы­лы­ғы­ңызбен жүргізілген реформалар қазақ халқының тыныштығын сақтап, әл-ауқатын жақсартатынына сенімім мол. 20 қараша күні болатын Президент сайлауы әділ әрі жаңа Қазақстан үшін қайырлы болуын және сізге сол сайлауда сәттілік тілеймін, – деді Режеп Тайип Ердоған.

Сондай-ақ Түркия Пре­зиденті жаһандық және аймақтық тұрақсыздық бе­лең алған шақта түркі мем­лекеттерінің ынтымағын одан әрі нығайту қажет екенін, сондықтан стратегиялық серіктес әрі бауырлас ел Қазақстанның қауіпсіздігі­не, тұрақтылығына, терри­тория­лық тұтастығына және экономикалық әл-ауқатының жақсаруына айрықша мән беретінін жеткізді.

– Түркияға мемлекеттік сапарыңыз барысында қол қойылған 14 ынтымақтас­тық туралы құжат пен ортақ декларация қарым-қаты­насымызға тың серпін бер­ді. Бүгін осы келісімдерге қосымша жаңа құжаттар қосылады. Атажұртыма келген маған және менің делегацияма қонақжайлық көрсеткеніңіз үшін тағы да алғыс айтамын, – деді Режеп Тайип Ердоған.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз

Бауырлас елдердің бағдары бір · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар