Біздің сұхбат
6 мин оқу 466

Халықтың әл-ауқатының артуы – жұмыспен қамтылуға тікелей байланысты

13 қазан 2022
Халықтың әл-ауқатының  артуы – жұмыспен қамтылуға  тікелей байланысты

Елімізде жұмыссыздық деңгейінің артуына жол бермеу мақсатында бірыңғай цифрлық платформаны дамыту үшін жергілікті жердегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша келісімшарт негізінде халықты жұмыспен қамтамасыз етуде ауқымды істер жүзеге асырылып келеді. Мемлекет жұмыссыздарға жергілікті бюджеттен екі ең төменгі жалақы мөлшерінде еңбекақы және жұмыс берушінің қаражаты есебінен қосымша ақы төлеу қажеттігі міндеттеген.

Осы ретте Алматы қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Сағындық КЕНЖЕБАЕВПЕН болған сұхбатымызда баяндалады.

–Сағындық Жұмағұлұлы, әңгіме­мізді бүгінгі күннің өзекті мәсе­лесіне айналып отырған жұмыссызық жайынан бастасақ?

–Қай кезде де халықтың әл-ау­қатының артуы жұмыспен қамты­луға тікелей байланысты екенің, жұмысы мен лайықты жалақысы бар адам өзін және отбасын асыраумен қатар, қоғамның әлеуметтік өміріне толыққанды қатысып, мемлекетіне экономикалық пайда әкелуге мүм­кіндік алады. Жұмысы немесе жала­қысы жоқ, өзіне лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін біздің мекемеге жүгінген кезде біріншіден, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482-V заңның 13-бабының 1) тармағына сәйкес, тұрғылықты жерiндегі халықты жұмыспен қамту орталығында тікелей жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі. Сондай-ақ аталған заңның 13-бабының 3-тармағына сай, Халықты жұмыспен қамту орталығынан тиісті жұмыстың бар екендігі туралы ұсыныстарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде аталған орталыққа барып немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы хабардар ете отырып, жұмыс іздеуге, сонымен қатар кәсіптік оқытуларға қатыса алады. Жұмыс іздеушілерге, жұмыссыздарға да, жұмыс берушілерге де қызмет көрсетуде орталыққа жұмыс іздеп келген жандарды тіркеп, жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама мен атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Оларды әлеуметтік және қоғамдық жұмыс орындарына, жұмыс берушілердің сұранысы бойынша оқу ұйымдарында кәсіби оқытудан өткізуге болады. Жұмыс берушілер үшін кадрлар іріктеліп, олардың сұранысы бойынша кәсіптік оқытуды және жұмыс орындарын құруды субсидиялау мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер ұсынылады. Сондай -ақ қазіргі таңда жоғары және орта арнаулы білім беретін оқу орындарын аяқтаған түлектердің жұмысқа орналасуы жылдан жылға қиындауда. Өйткені жұмыс берушілер оларды жұмыс тәжірибесінің жетіспеуіне байланысты алғысы келмейді, бірақ жұмыс тәжірибесін қалай алуға болады? Жоғарыда айтылған мәселені қарастыра келе «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы іске қосылып, аталған бағдарламаның арқасында жоғары және орта арнаулы білім беретін оқу орындарының түлектері алғашқы жұмыс тәжірибе­сін алуы үшін мүмкіндік жасалды. Осы жылы бірнеше рет қатарынан қала­мыздағы жоғары және орта арнаулы білім беретін оқу орындарының студенттерімен, орта мектеп түлек­терімен кездесу ұйымдастырып, өткізілді. Жалпы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қызметтерді электрондық еңбек биржасынан алуға болады. Жұмыссыз ретінде тіркелу жұмыспен қамтуды қолдау бойынша мемлекеттік шараларды – жұмысынан айырылған жағдайда берілетін төлем, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына жолдама алуға мүмкіндік береді. Жұмыспен қамту орталықтары мен Enbek.kz қолайлы жұмыс табуға көмектеседі.

– Жоғарыда аталғандай қоғамдық жұмыстарға тартылатын жандарға жалақы қалай төленеді? Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында Алматы қаласы бойынша қанша адам жұмысқа орналастырылды?

–Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша олардың қаражаты шегінде қаржыландырылады. Қоғамдық жұ­мыстарға қатысатын адамдардың жалақы мөлшері экологиялық үстем­ақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, мін­детті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескере отырып, тиісті қаржы республикалық бюджет туралы заңда айқындалған жалақының ең аз мөлшерінен төмен емес мөлшерде белгіленеді.

 Биылғы жылдың қазан айына дейін аталған жобаға сәйкес, отыз мыңнын үстінде адам қатысып, оның ішінде уақытша жұмыс орындарына он екі мың, тұрақты жұмыс орындарына он төрт мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға бір мыңдай адам жіберіліп, « Бастау Бизнес» жобасы бойынша төрт мыңнан аса адам оқып, бес жүзге тарта адам өтеусіз грантқа ие болды. Үстіміздегі жылы жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға бір мыңнан аса адам жіберілді.

Атап айтсақ Алматы қаласы бойынша соңғы төрт жылда Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, екі жүз мыңға тарта адам жұмыспен қамтылып, он бес түрлі мамандыққа (кондитер, аспаз, шаштараз, тырнақ жасау технигі, бет әрлеу, электрмен дәнекерлеуші, есепші, веб-дизайнер, тігінші, туристік агент, кеңсе қызметкері, компьютер операторы ) оқудан өтті. Оқу ұзақтығы мамандыққа байланысты 1 айдан 3 айға дейін. Оқыту кезінде стипендия 20 949 теңге көлемінде төленді, курстың соңында сертификат беріліп, жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді. Біліктіліктер мен дағдыларға байланысты екі мыңға жуық адам қысқа мерзімді курстан өтті. Одан бөлек бизнес-идеяны жүзеге асыру үшін қайтарымсыз мемлекеттік грант алу мүмкіндігі де бар. Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы азаматтарды тұрақты жұмысқа да, уақытша жұмысқа да (қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына) орналасты­руға көмектеседі. Егер еңбеккер жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлем алуға құқылы, ол Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес, міндетті әлеуметтік сақтан­дыру жүйесіне қатысушы жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап қарас­тырылады.

Осы жылы «Алғашқы жұмыс орны» – 310, «Ұрпақтар келісімшарты» – 53, «Күміс жас» жобасына – 58 адам жұмысқа орналасты.

–Кәсіпкерлік мақсаттағы қайта­рымсыз грант туралы айтып өтсеңіз және берілетін қаржы көлемі қандай?

–Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар Жаңа бизнесті іске асыруды жоспарлап отырған ұлттық жобаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде беріледі (биыл бұл 1 млн. 225 мың 200 теңге). Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Грант алуға үміткер ретінде жиырма тоғыз жасқа дейінгі атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы жастар аз қамтылған отбасы мүшелері, көп балалы отбасылар (көп балалы жәрдемақы алушылар және жұбайы (зайыбы), егер неке (ерлі-зайыптылық) болса (2008 жылға дейін тіркелген) «электрондық үкімет» веб-порталында «АХАЖ» АЖ мәліметтерін өзектендіру қажет www.egov.kz), қоныс аударушылар, қандастар, мүгедек балалар мен мүгедек жандарды тәрбиелеп отырған, жәрдемақы алатын адамдар және асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар енгізілген. Грант алу үшін үміткер электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, өтінішті тек порталда тіркелу арқылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс. Үміткердің порталда белгіленген талапқа сай нәтижесі мен комиссияның оң шешімі болған жағдайда беріледі. Ал мемлекеттік грантты мақсатты пайдаланылуына мониторингті жұ­мыс­пен қамту орталығы жүргізеді. Бағдарламаға қатысушы мемлекеттік грантты алған күннен бастап үш ай ішінде оның нысаналы пайдаланылуын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, салық органдарында өз қызметін тіркеу немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеу арқылы растайды. Бағдарламаға қатысушы шарт жасасқан күннен бастап он екі ай ішінде қаражаттың мақсатты пайдаланылуына есепті жұмыспен қамту орталығына береді. Грант иегері мониторинг жүргізу барысында грант қаражаттары мақсатыз пайдаланылып, басқа бағытта жұмсал­ғаны анықталса, бағдарлама талаптарына сәйкес грант қаражаттарын бюджетке қайтару керек болады.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА 
 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз

Халықтың әл-ауқатының артуы – жұмыспен қамтылуға тікелей байланысты · Мұрағат