Мәдениет & Спорт
1 мин оқу 246

Суретшілердің сырлы әлемі

13 қазан 2022
Суретшілердің  сырлы әлемі

Мемлекеттік орталық музей 17 жыл бойы Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен ынтымақтастықты жалғастырып, мәдени байланыс аясында көршілес елдің тарихы, мәдениеті мен өнері бойынша бірлескен жобаларды іске асырып келеді.

Ынтымақтастықты жалғас­тыра отырып, ҚР Мемлекеттік орталық музейі ҚХР Бас консул­дығымен бірлесіп, «Қытайдың әлемдік мұра нысандары» атты халықаралық фотокөрмені кө­рер­мендер назарына ұсынды.

Көрменің ресми ашылу сал­танатында ҚР Мемлекеттік ор­та­лық музейінің директоры Рашида Харипова, Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй сөз сөй­леді.

Қытай – көптеген тарихи ес­керткіштер сақталған ежелгі өркениет пен ерекше мәдениеттің елі. Қытайдың мәдени мұра­сы өзінің ауқымымен таң қалды­рады.

Фотоэкспозицияның мақ­саты – келушілерді Қытайдың бай тарихи-мәдени және табиғи мұрасымен таныстыру.

«Қытайдың әлемдік мұра нысандары» көрмесінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген және әлемнің қазы­насы болып табылатын тарихи және мәдени ескерткіште­рінің фотосуреттері қойылған. Келу­шілердің назарына «Ұлы Қытай қабырғасы», «Император Цинь Шихуандидің қабірі және терракоталық мүсіндер», «Уданшан тауларындағы ежелгі ғимараттар кешені», ежелгі Лицзян қаласы, Цюйфудағы Конфуций ғибадатханасы, «Могао үңгірлері», «Лушан ұлттық паркі», «Сучжоу қаласындағы клас­сикалық бақтар», «Дацзудың жартастағы рельефтері» және басқа да құнды дүниелер ұсы­нылды.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз