Спорт
2 мин оқу 235

Үздік шабандоздар анықталды

13 қазан 2022
Үздік шабандоздар анықталды

Алматы қаласында «Orange BeNeLux Bicycle Tour» атты дәстүрлі велошеру өтті. Нидерланды Корольдігі елшілігінің бастамасымен, Қазақстан велосипед спорты федерациясы мен Қазақстан триатлон федерациясының ұйымдастыруымен және Алматы әкімдігінің қолдауымен өткізілген жарыстың жалпы қашықтығы 15 шақырымды құрады.

Дәстүрлі жарысқа 600-дан астам адам қатысты. Велошеруге қатысушыларды Нидерланды Корольдігінің елшісі Андрей Карстенс, Алматы қаласы спорт басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Нұрлан­ұлы және Қазақстан вело­спорт федерациясының спорт менеджері Матвей Никитин құттықтады. Олар қатысқан­дар­дың барлығына алғыста­рын білдіріп, велосипедтің денсау­лық пен қоршаған орта үшін маңыздылығын атап өтіп, осын­дай іс-шаралардың жиі болаты­нына сенім білдірді.

Велошеру аяқталғаннан кейін лотерея ойнатылды, онда тіркелген қатысушылар арасын­да «Тассай», «Лотте Рахат» АҚ сый­лықтары, «Karcher» және «Dakam»компанияларынан велосипед үшінқұрал-жабдық­тар, сондай-ақ велоспорт феде­рациясы мен Нидерланды Ко­рольдігі елшілігінен 2 вело­сипед ойнатылды.

Одан кейін «AlmaU» уни­верситетінде Алматыдағы вело­сипедпен жүру мәдениеті мен инфрақұрылымы туралы панельдік пікірталас өтті. Сарапшылар Елена Ерзако­вич (Алматы қаласының көлік саясаты саласындағы тәуел­сіз сарапшысы), Владислав Филатов (GRADOBLOG) және Диас Маратұлы (Urban Forum Kazakhstan) Алматыдағы велоинфрақұрылымды баға­лап, велоқозғалыс пен вело­жолдардың қауіпсіздігін, қысы-жазы екі доңғалақты көлікпен жүру жағдайларын талқылап, көрермендердің сұрақтары мен пікірлеріне жауап берді. Сондай-ақ тұрақты және ве­лосипед ұтқырлығы бойынша нидерландтық сарапшы Сьорс Ван Дюреннің бейнедәрісінен үзінділер көрсетілді. Талқылау­ды елшіліктің қолдауымен ур­ба­низация саласында маман­дан­дырылған Urban Forum Kazakhstan тәуелсіз ұйымы және оның жетекшісі Әділ Нұрмақов ұйымдастырды.

НҰРЛАН ҚҰМАР

 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз

Үздік шабандоздар анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар