Бизнес - Қаржы
2 мин оқу 279

Мемлекет пен бизнес – бір толқында

9 қыркүйек 2022
Мемлекет пен бизнес – бір толқында

Бизнес пен мемлекеттік қызметтерді ықпалдастыруда бірқатар қиындықтар бар. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ мемлекеттік корпорациясы төрағасының орынбасары Қанат Дыбыспаев Бірінші несие бюросы ұйымдастырған «FCBK: Persona non data» конференциясында атап өтті.

FCBK қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына ар­налған Қазақстандағы ең ірі конференция. Офлайн және онлайн форматында өткен Persona non data 3 мыңға жуық адам қатысты. СЕО, қаржы ұйымда­рының бірін­ші басшылары, деректермен тіке­лей жұмыс істейтін орта буын мамандары, банк секторы, МҚҰ, IT-қоғамдастық, сақ­тандыру, ритейл, отан­дық және шетелдік басқа да мамандар Data management тенденциясын, деректермен жұмыс істеу саласындағы бизнес пен мемлекеттік бастамаларды қол­дау тақырыбын талқылады.

Конференция барысында министрліктердің, Ұлттық банктің, қаржы нарығын дамыту және реттеу жөнін­дегі агенттіктің, сонымен қатар өзге де ведомстволардың өкілдері сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.

Азаматтарға арналған үкімет – бұл көптеген дерек­терді енгізу терезелерінің бірі. Қазір мемлекеттік корпорация жұмыс істеу үшін деректер пулінің иесі болып табылады. Бұл жеке тұлға­лар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар арасындағы мәмі­ле­лердің кезкелген түріне қатысты. Басқарылатын деректер спектрін кеңейту жос­парлануда ма (мысалы, но­тариалдық жазбалар)? Атал­ған қаржы секторын сапалы техникалық сервис­пен дамыту үшін деректерді монетизациялау жоспарлануда ма? Осы сұрақтарға жауап бере отырып, мемлекеттік корпорация өкілі мемлекеттік сервис­термен интеграциялау кезінде нарықтың барлық проблемаларын толық жабуға мүмкіндік беретін платформа құруды ұсынды.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз

Мемлекет пен бизнес – бір толқында · Мұрағат