Кәсіпорындар көрсеткіші зор мәнге ие

11 тамыз 2022
Кәсіпорындар  көрсеткіші зор мәнге ие

Биыл елімізде жоғары технологиялық, экспортқа бағытталған өнім өндірісін ұлғайту және шикізаттық модельден алшақтап, тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатын көздейтін Өнеркәсіптік саясат туралы заң күшіне енген болатын.

Қазір өнеркәсіпті дамытудың базалық жағдайларын жасау, ішкі және сыртқы нарықтарда отандық кәсіпорындарды ілгерілету, саланың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларына арналған 30 нормативтік құқықтық акт өзектендірілген және бекітілген.

Түзетулерге сай, «елішілік құндылық» ұғымы енгізіліп, жергілікті қамтуды дамытуға мониторинг жүргізіледі, ынта­ландырудың жаңа тетіктері қабылданады. Заңда отандық кәсіпорындарды қолдаудың салалық қағидатынан орташа және жоғары бөліністегі өңделген өнімнің нақты түрлерінің өндірі­сін дамытуды ынталандыруға көшуге баса назар аударылған. Ол үшін өкілетті мемлекеттік орган өз құзыретімен қосылған құны жоғары және өнімдік күрделілігі бар тауарлар тізбесін бекітті. Өнеркәсіптік кәсіпорындар, сондай-ақ өнімдері тізбеге жататын тауарлар мен қызметтер өндіретін өзге де заңды тұлғалар мемлекеттен қаржылық ынталандыру алады. Көрсетілген қаржылық шаралардың нәти­желілігін, сондай-ақ жобаларды табысты іске асыруға бизнестің мүдделілігі мен жауапкершілігін арттыру мақсатында кәсіпорын алатын шараның түрі мен көлемін ескере отырып, қарсы міндеттемелерді енгізу бойынша критерийлер айқындалды. Кәсіпорындардың міндеттеме­лері экономикалық, әлеуметтік маңызды көрсеткіштерді орын­дауға бағытталған. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру келісімін жасасу арқылы өндіріс орындары мемлекеттік ынталандыру шараларының жеке аралас пакетін алып, қызметті ұзақ мерзімге жос­парлайды.

Жұмыс істеп тұрған өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының шикізатқа қолжетімділігі проблемасын шешу жөніндегі мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін қайта өңдеу өндірістерін шикізатпен қамтамасыз ету механизмі әзір­ленді. Бұл шикізат өндіруші, қайта өңдеуші және уәкілетті орган арасында шикізатпен қамтамасыз ету туралы үшжақты келісім жасауды қарастырады. Онда шикізатты жеткізу көлемі, толық қайта өңдеу міндеттемелері, сондай-ақ ерекше бәсекелі баға белгілеу шарттары көзделеді.

Ұлттық экономиканың өзін­дік мүмкіндігін ұлғайтуға және отандық өндіріс үлесін арттыруға офтейк-келісімшарттар нарығын реттеу есебінен қол жеткізілмек. Мұндай келісімдер аясында жос­парлау мен жасау бойынша ережелер түзіліп, әлеуетті тапсырыс берушілер мен жеткізушілер үшін өндірістік қызметті ұзақ мерзімге жоспарлауға, өндіріске инвестициялауға ыңғайлы орта қалыптасады.

Өнім өндіруде технология­лық деңгейді көтеру мақсатында жаңа ынталандыру құралы – өнеркәсіптік грант енгізілуде. Ол технологиялық жабдықты немесе желіні жаңарту арқылы өндірісті жаңғыртуға ұсынылмақ. Сол секілді маңызы зор бағыт – өндірістің технологиялық процестерін жетілдіру мен еңбек өнімділігін арттыруға арналған цифрлық трансформациялау. Бұл ретте операциялық және өндірістік процестерді, соның ішінде, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу арқылы автоматтандыруға ба­ғытталған мемлекеттік ынталандыру шаралары әзірленген. Саланың жалпы жағдайы, даму болжамы жайындағы ақпарат «Өнеркәсіп» ақпараттық жүйесі» цифрлық платформасында қамтылады.

Өнеркәсіптік саясат еліміз­дің индустриялық дамуын қамтамасыз ету үшін қажет. Осылайша оның іске асырылуын бағалау алғаш рет жүргізілген жұмысты қалыптастырудан бас­тап бағалауға дейінгі өнер­кәсіптік саясат құралдары­ның жиынтығын енгізу арқылы заң­намалық түрде айқындалып отыр. Өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру индустриялық дамуды және мемлекеттік ынталандыру шараларының тиімділігін бағалау негізінде жүзеге асырылады. Индустриялық дамуды бағалау бәсекелестік артық­шылықтарды, негізгі проблемалар мен одан әрі саясаттың жос­парларын анықтауға мүмкіндік береді. Өңдеу өнеркәсібі жобаларына толық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды тиімді іске асыру мақсатында өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары, оларға бақылау жүргізу әдістемесі бекітілді.

Саланың жай-жапсары мен үкімет қабылдайтын шаралар өнеркәсіптік саясатты қалып­тастырудың негізгі құралы болып табылатын ұлттық баяндамада сипатталатын болады.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз

Кәсіпорындар көрсеткіші зор мәнге ие · Мұрағат