Рухани өріс
2 мин оқу 554

Ыдырысов оқулары өтті

7 сәуір 2022
Ыдырысов оқулары өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым, ұстаз, жазушы, публицист, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Әбілфайыз Ыдырысов оқуы аясындағы «Цифрландыру жағдайындағы баспа ісі мен дизайнның өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Журналистика факуль­тетінің деканы Сансызбай Мәдиев жүргізген шара бары­сында ал­дымен филология ғылымдары­ның докторы, профессор Намазәлі Омашев сөз алды. Ол журна­листиканың қара нары атанған Әбілфайыз Ыдыры­сов­тың қоғам алдында атқарған игі істеріне кеңінен тоқталды. Фило­­логия ғы­лым­дарының докторы, профессор Кәкен Қамзин ұстаздық, адамгершілік, қарапайымдылық қырла­рын еске алып, Әбілфайыз ұстаз­дың айналасына мейірім шуағын төге білген ізгі жан, ұстаз бен шәкірт арасында керемет құрметті сезіндірген абзал ғалым екендігін үлкен сағынышпен атап өтті. Соны­мен қатар филология ғылым­дарының кандидаттары, до­цент Сағатбек Медеубек пен Дәмегүл Баялиева, баспагер, журналист, жазушы Ермахан Әбдіраман, жазушы, «Шалқар» радиосының директоры Болатбек Төлепберген, «Қазақ университеті» газетінің бас редакторы Гүлнәр Тәжиева және басқа да ұстаздар мен ғалымдар сөз сөйледі. Шара барысында Ыдырысовтар от­басының ұйымдастыруы­мен талантты студенттер марапатқа ие болды. «Ыдырысов оқулары» атты ашық байқау аясында «Үздік ғылыми жұмыс, «Үздік баспасөз материалы», «Үздік мультимедиалық жоба», «Үздік ғаламтор жарияланымы», «Дизайн өнерінің үздік туын­дысы» атты номинацияда жүлдегер атанған жастарға бірреттік шәкіртақы – ақша­лай төлем берілді. Университеттің журна­листика факультетінде бар­лық мамандық­тар бойын­ша бюджеттік және ақылы түрде қазақ, орыс, ағылшын топтарында оқитын бакалав­риаттардың, магис­транттар­дың, докторант­тардың ара­сында 2020 жылдан бері өт­кізіліп келе жатқан аталмыш байқау жастардың оқудағы, ғылымдағы және журналис­тика мен дизайн саласындағы шығар­машылық ізденістеріне қолдау көрсету, осы факультет­те ұзақ жыл қызмет еткен жур­на­лист, ұстаз, ғалым, жазушы Әбілфайыз Ыдырысовтың есімін ұрпақ есінде қалдыра отырып, өміршең өнегесін үлгі ету мақсатын көздейді.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз

Ыдырысов оқулары өтті · Мұрағат