Саламатты Қазақстан
1 мин оқу 946
БАРТОҒАЙ СУ ҚОЙМАСЫ
25 қараша 2021

Осы бір ерекше су қоймасы Іле Алатауы, Торайғыр және Сөгеті таулары арасындағы таулы алқапта, Шелек өзенінің бойында орналасқан. Су қоймасының құрылысы мен оны толтыру жұмыстары 1986 жылы аяқталған. Су қоймасы Сөгеті тауынан да, Асы тау атырабының төменгі жағынан да ерекше сұлу көрінеді. Қойма – Түрген шатқалымен көтеріліп, Асы арқылы Көкпек асуына өтетін туристердің демалыс орны. Бұл жерде жаяу, көлікпен саяхат жасаушылар мен велосипедшілер де көп кездеседі. Бартоғай сулары балығының молдығымен ерекшеленеді.
Суретті түсірген Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ







