Экономист Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі VI отырысының басты ерекшелігін атады

Экономикалық саясат институтының директоры Қайырбек Арыстанбеков Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысы туралы “Tenge monitor” басылымына пікір білдірді.
«Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысы стратегиялық-тактикалық сипатта болды. Мемлекет басшысының тапсырмалары еліміздің өмірлік маңызды мүдделеріне және оның ұлттық қауіпсіздігіне жауап беретін концептуалды сипатымен ерекшеленеді. Бүгінгі күнге дейін біздің саяси-экономикалық дамуымыздың алдыңғы қатарында кәсіпкерлік, бизнес, шетелдік инвесторлар, банктер, коммерциялық банктер, екінші деңгейлі банктер және т.б ұғымдарға басымдық берілді,”- дейді өз сөзінде Қайырбек Арыстанбеков.
Сарапшы мемлекет басшысы адам құқықтарын қорғауға басты басымдық беріп отырғанын айтты.
“Яғни, адам құқықтары, тұлға, азаматтар бұрын басымдық берілген салалардың тізімінен шығып қалған. Отырыс аясындағы тапсырмалардың нәтижесінде адам құқықтары саласындағы бұрынғы басымдықтардан адам құқықтарына баса мән беру, тұтас халықтың мүддесін көздеу мақсатты бағыт болып отыр.
Сондықтан бұл кездесу Мемлекет басшысының халықтың, қарапайым қазақстандықтардың мүддесін бірінші орынға қоюымен ерекшеленеді», - деді ол.
“Жиын барысында айтылған тезистерден банктер, сот орындаушылар мен борышкерлер арасындағы құқықтық қатынастарды реттеуді ерекше атап өткім келеді. Алматыдағы соңғы оқиғаларды ескере отырып, бұл мәселе өзекті екенін, сондықтан Президент бұл қатынастарда кейбір қайшылықтар, құқықтық «олқылықтар» бар екеніне назар аударды. Мемлекет басшысы бұл мәселені қарапайым азаматтардың мүддесін сақтай отырып, құқықтық тұрғыда шешу қажеттігін түсіндірді”,- дейді Ұлттық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында көтерілген мәселелер туралы пікірін білдірген Қайырбек Арыстанбеков.







