Кәсіпкерлік
4 мин оқу 598

Балмұздақтың жазғы маусымы қорытындыланды

23 қыркүйек 2021
Балмұздақтың жазғы маусымы қорытындыланды

Пандемияның жалғасуына және сауда орталықтары мен базарлардың жұмысындағы шектеулерге байланысты қиындықтарға қарамастан, ағымдағы маусымның сегіз айының қорытындысы бойынша қазақстандықтар өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне қарағанда 3%-ға көп балмұздақ пен мұздатылған десерттерді тұтынған. Ақшалай мәндегі өсім 9%-ды құрады. Балмұздақты айтарлықтай тұтыну жағынан Атырау облысы көшбасшы болды.

Қазақстан өңірлерінің арасында алғашқы орын Атырау қаласына бұйырды, ол 2021 жылдың 8 айының қорытындысына сәйкес, балмұздақ сатылымының ақшалай мәнінде 56%-ға өскенін көрсетті. Тағы бірі Ақтауда - 37%-ға, Оралда – 40%-ға артты, Талдықорғанда сатылым өсімі – 30%-ға, ал Алматыда-20%-ға өскен.«Евромонитор» тәуелсіз ма­ман­дандырылған компаниясының бағалауына сай, қазақстандық «Шин-Лайн» өндірушісі балмұздағының отандық нарықкөшбасшысының үлесі 39,8%-ға дейін өсті, бұл екінші, үшінші және төртінші орындарды иеленетін өндірушілер сомасымен салыстырғанда көбірек.Коронавирус пандемиясына байланысты көршілес Ресей мен Қазақстан нарығында сүт өнімдерін таңбалауды енгізуде жаңа санитарлық-эпидемиология­лық талаптарға және аталған шектеулерге бейімделу қажеттілігіндегі қиындықтарға қарамастан, «Шин-Лайн» компаниясы 2021 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша сатылымның өскенін атап өтті. Осы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында «Шин-Лайн» бренді­мен балмұздақ сату өткен жылмен салыстырғанда заттай көріністе 12%-ға, ал ақшалай көрсеткіште 22%-ға өсті. Жалпы, соңғы жылы балмұздақ пен мұзда­тылған десерттерді тұтыну заттай 3%-ға және ақшалай 9%-ға өскен.

Компания экспорттық нарықтарға шығу арқылы сатылым геогра­фиясын кеңейту стратегиясын жүзеге асыруды жалғастыруда. 2021 жылы қаңтар-тамызда «Шин-Лайн» өні­мінің экспорты заттай көріністе 2,636 мың тонна балмұздақты құрады, бұл 2020 жылғы тиісті кезеңнің көрсеткішінен 26%-ға көп. Ақшалай көрсеткіште 2021 жылдың 8 айының қорытын­дысы бойынша «Шин-Лайн» өнімінің экспорты 24%-ға өсті, ал компанияның түсім құрылымын­дағы экспорттың үлесі 18%-дан 20,7%-ға дейін артты. Компанияның экс­порттық нарықтарының ішінде «Шин-Лайн» өнімдерін сатудың жоғары өсу қарқынын көрсеткен елдер – Монғолия, мұндағы ақшалай көр­сеткіш 129%-ға өсті; Беларусьте сатылым өсімі 27%-ды, Қырғызстан­да – 40%-ды, Ресейде-28%-ды, Өзбекстанда-18%-ды құрады.

«Шин-Лайн» өнімдік желісінде тұрақты көшбасшы «Бомба» бренді болып қалуда. «Еуромонитордың» деректері бойынша Қазақстанда оның үлесіне 14% тиесілі, 2021 жылдың 8 айында 5239 тонна сатылды. Егер үй нарығында «Бомбаны» сату бірнеше жылдар бойы тұрақты жоғары деңгейде болса, онда экспорттық нарықтарда осы брендпен балмұздақ сату 52%-ға, оның ішінде Өзбекстанда – 8,5%-ға, Қырғызстанда- 4,1%-ға өсті. «Мишка на полюсе» пломбир бренді үй және экспорт нарықтарындағы өсудің неғұрлым жоғары сатылым қарқынын көрсетті. Қазақстанда оның сатылуы заттай мәнде 89%-ға, Қырғызстанда – 77%-ға, Өзбекстанда-38%-ға өсті. Тұрақты тұтынушылар премиум шығыс желісі Bahroma өнімдері­нде сақталуда – «Евромонитор» ком­па­ниясының деректері бойынша оның үй нарығындағы балмұздақ үлесі 7%-ды құрайды.

«Шин-Лайн» компаниясы тамақ өнеркәсібін дамытудың заманауи үрдістеріне сәйкес өндірісті ұлғайтуға және өз өндірісін тұрақты жаңғырту­ға бағытталған. Осыған байланыс­ты біз Алматы облысы Байсерке ауылында ауданы 17 гектар азық-түлік өнімдері мен балмұздақ өндіретін кәсіпорындар кешені құрылысының жобасын белсенді түрде кеңейтуді жалғастырудамыз, – деп атап өтті «Шин-Лайн» компаниясының «бал­мұз­дақ» санатының басшысы Дмитрий Докин.

Жобаның жалпы құны 33,4 млрд теңгеге бағаланады, құрылыстың алғашқы кезегінің жобалық қуаты жылына 21 500 тонна өнімді құрауы тиіс. Алматы облысындағы кешен ТМД, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі ең ірі және ең инновациялық балмұздақ шығаратын фабриканы, сондай-ақ әртүрлі тамақ өнімдерін, оның ішінде сүт өнімдерін, жартылай дайын өнімдерді, қамырды, кеспенің алуан түрлерін және кондитерлік өнімдерді өндіретін кәсіпорындарды қамтитын болады.

Биылғы жыл өз қызметін кеңейтуге бағытталған бизнес үшін оңай болған жоқ. Біріншіден, пандемиядан және әлемдегі күрделі эпидемиологиялық ахуалдан туындаған шектеулерге байланысты өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің денсаулығын сақтау үшін «Шин-Лайн» компаниялар тобының кәсіп­орындарында ауқымды вакцинация жүргізілді. Екіншіден, жабдықты жеткізу және оны орнатуға шетел­дік мамандарды шақыру бұрын жос­парланғаннан көбірек уақытты және кіру шарттарын талап етеді. Үшіншіден, Ресейде енгізілген және Қазақстанда енгізілетін өнімдерді таңбалау жұмыстары айтарлықтай уақытша болғандықтан компанияның қаржы ресурстарын алаңдатуда, ал таңбалау жөніндегі үлкен жұмыстың нәтижесі мамандарда күмән тудырып отыр. Өйткені, балмұздақты алкоголь өнімдері сияқты қолдан жасамайды.Бірақ, «Шин-Лайн» Ресейге қазақстандық балмұздақты экспорттаушылардың бірі болып табылатындықтан компания биылғы жылдың жазынан Ресейде күшіне енген сүт өнімдерін міндет­ті таңбалау қағидаларының орын­далуын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды. Таңбалауды енгізудің мақсаты–тауардың өндірушіден ретейлерге, содан кейін соңғы тұты­нушыға өтуін бақылайды. «Шин-Лайн» таңбалауды жүзеге асыруға үйлесімді тәсіл ұйымдастырылған, кодтары қойылған қаптаманың бір бөлігі серіктестерден келеді, ал ішінара таңбалау кәсіпорында жүргізіледі. Дмитрий Докиннің айтуынша, енгізілген таңбалау саладағы жағдайға және кәсіпорындардың жұмысына айтарлықтай әсер етеді.

Нұрлан ҚҰМАР

 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз

Балмұздақтың жазғы маусымы қорытындыланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар