Өнер
1 мин оқу 534

Мақсат – ұлттық өнерді дәріптеу

18 қыркүйек 2021
Мақсат – ұлттық  өнерді дәріптеу

Алматыда «Домбырашылар одағы» республикалық қоғамдық  бірлестігі ашылды.

Бірлестіктің негізгі мақсаты – ұлттық өнерді кеңінен дәріптеу және жастардың дәстүрлі өнерге деген қызығушылығын ояту.

Аталған шараға байланысты Алматы қала­сында «Домбырашылар одағы» республикалық қоғамдық бір­лестігінің ашылу салтанаты өтті. Жиында «Дом­быра­шылар одағының» мүше­лері, еліміздің танымал дәстүр­лі әншілері мен күйшілері  Сәуле Жанпейісова, Нұржан Жанпейісов, Ұлжан Байбосыновалар өздерінің жүрекжарды ақ тілектерін жеткізді.

Бірлестіктің ережесіне сәйкес, мүшелікке дәс­түрлі әншілер, жыршылар мен термешілер қабылданады. Басқосуда алда атқарылатын істерді, қазіргі таңда дәстүр­лі өнер­і­мізге қатысты болып жат­қан мәселелердің шешімін қарастыру жолдары талқыланып, журна­лис­тер­дің сұрақтарына жа­уап берілді. Сонымен жиын­дағылардың қозғаған бас­ты мәселесі – «Домбы­ра» ұлт­тық телеарнасын тіке­лей жер­серіктік хабар тарататын OTAU TV қызметіне қосу, ұлт­тық өнерді шалғай мекендегі халыққа көрсету әрі таныту керектігі турасында айтылды.

Алматы қаласының өнер өкілдеріне «Домбырашылар одағы» республикалық қоғам­дық бірлестігінің куә­ліктері мен сертификаттары табысталды. «Домбыра» ұлт­тық телеар­насының бас­шысы Қанат Ержігітов ұлт­тық аспаптың өз дәрежесінде дә­ріп­телмей келе жатқандығын тілге тиек етті. Шараны белгілі журналист Гүлмира Нәлібай жүргізіп отырды.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз

Мақсат – ұлттық өнерді дәріптеу · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар