Мал басы сақтандырылады

6 тамыз 2021
Мал басы сақтандырылады

Сақтандыру шығындары мемлекет есебінен субсидияланатын түліктің қатарын қой мен жылқы толықтыратын болды. Бұған дейін тек мүйізді ірі қара басын сақтандыру шығындарына бюджеттен субсидия төленетін.

«Нарыққа ұсақ мал мен жылқы басын толық сақ­тандыруды қамтамасыз ететін жаңа өнімдер енгізіл­ді. Оған барлық ықтимал тәуекелдер кіреді және сақтандырудың құны салыстырмалы түрде төмен», делінген Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызме­тінің мәліметінде.

Мұндағы «тәуекелдердің бәрі деп отырғаны» – індет, өрт, жазатайым оқиға сияқты адам еркінен тыс болатын тосын жайттар. Сондай-ақ ұры сойып әкеткені дәлелденсе де, із-түзсіз жоғалып кетсе сақтандыру арқылы шы­ғынды өтеп алу тетігі ұсы­нылады. Бұрынғы тәсіл бойынша фермер малын өз шар­уа­шылығының аумағында ғана түрлі тәуекелдерден сақтандыра алатын. Ал ұсы­нылып отырған жүйе бойынша сақтандыру ауқымы 5 шақырым радиустағы аумаққа түгел жүреді, – делінген ресми мәліметте. Мұндағы басты талаптың бірі – сақтандырылатын малдың саны 30-дан кем болмауы керек. Сақтандыруға жататын түлік саны көбейген сайын тариф те өзгеріп отырады. Мысалы, жылқыға 2,31-6,46% аралығында, ұсақ малға 2,38- 6,16% аралығында тариф ұсынылады. Ең бастысы, мал басын сақтандыруға төленген қаражаттың тең жартысын мемлекет субсидия­лайды. Яғни, сақтандыру шартын жасасқан кезде фермер шарттағы бағаның жартысын ғана төлейді. Қалған бөлігін Ауыл шаруашылы­ғын қаржылай қолдау қоры бөледі», – дейді қордың басқарушы директоры Асқар Қалиев.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз

Мал басы сақтандырылады · Мұрағат