Агро-кәсіпкерлікті қолдау нәтижелері

Еңбекшіқазақ ауданының Жергілікті қоғамдастықтар қоры (ЖҚҚ) өкілдерінің пікірінше, ауылдық жерлерде әртүрлі себептермен жұмысқа орналаса алмай жүрген немесе ісін дамытуға қаржы сала алмай жүрген әйелдерге ерекше назар аудару қажет. Себебі, төтеннен келген пандемия Еуропалық Комиссияның гендерлік мәселелері есебінде аталып жүрген онсыз да өмірдің барлық салаларында бар әйелдер мен ерлер арасындағы теңсіздікті күшейте түскен.
Осыған байланысты ЖҚҚ күшті де тәжірибелі «Шелек Фермерлері» кооперативі арқылы фермер-әйелдерді сату арналарына шығару үшін барлық қолайлы мүмкіндіктерді іздеу мақсатында ресурстарды біріктіру жобасына бастамашылық етті. Жеке учаскелері бар әйелдерге қосымша табыс ретінде қызанақ өсіру ұсынылып, 2020 жылдың наурыз айында Жергілікті қоғамдастықтар қоры жобаны 520 мың теңгеге қаржыландыра отырып, тұқым, тамшылатып суару құралдары, шымтезек және көшет өсіруге арналған кассеталар секілді заттарды сатып алып, 10 қатысушының ашық жерде қызанақты сәтті өсіруіне жағдай жасады. Оның үстіне қатысушыларға бизнестерін жыл мезгіліне тәуелді етпейтін жылыжайлар қамтамасыз етілді. Нәтижесінде, 2020 жылы жоба қатысушылары өздері үшін жақсы қосымша табыс көзі болған жалпы сомасы 1 899 060 теңгеге өнім сатты. Осы жылы «Шелек Фермерлері» АӨК жаңа бағытты таңдап, көкөністер мен жемістерді кептіру ісін дамытуды ұйғарды.
Агробизнес орталығындағы (АБО) жаңа бағыт перспективасының айқындығы үшін Шелек ауылында дайын өнімді дегидратациялауға, майдалауға және орауға арналған жабдық орнатылды. АБО жанындағы жылыжайларды шикізатпен қамтамасыз ету үшін қызанақ пен бұрыш отырғызылып, өсіріліп жатыр. Кептірілген көкөністер – оралған шағын пакеттердегі өнімді білдіретін болғандықтан осы мақсаттар үшін дайын өнімді екі жылға дейін сақтауға мүмкіндік беретін вакуумдық орауыш сатып алынды.
«Ауылдық аймақтарды дамыту» бағдарламасы аясында ЖҚҚ фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтарды жоспарлау, тұқым отырғызу кезеңінен бастап бірлесе сату мен түпкілікті пайданы алуға дейін қолдау жұмысын жүргізеді. «Ауылдық өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру жылдарында кооператив фермерлерінің саны 35-ке дейін артып, жеке шаруашылықтарда өнім өсіретін әйелдердың шамасы 43%-ды құраған болатын. Ендігі мақсат – «Шелек фермерлері» АӨК арқылы «Даладан сөреге дейін» өндірістік-өткізу тізбегі әзірленіп, «Metro Cash&Carry» супермаркеттерінде және «Цинказ» ЖШС, «СД и КО» ЖШС («Үздік рецептілер»), «New Kitchen» ЖШС, «Food shop» ЖШС секілді серіктестерде тікелей, делдалдарсыз көкөніс сату механизмін жолға қою болмақ. Табысты 2019 жылы 16 096 437 теңге сомаға 102 тонна ауыл шаруашылығы өнімі сатылды.
Бағдарламаны іске асыру мен кооперативтің жұмысын жүргізуде коронавирустық пандемия мен шектеулер өз қиындықтарын көрсетпей қоймады. Мәселен, 2020 жылы кооператив жұмысы одан әрі жетілдіріліп, қосымша 12 жылыжайды салып, серіктестермен алдын ала уағдаластыққа сәйкес басым түрде қызанақтың бір сортын отырғызып, қабылдау, сұрыптау және калибрлеу, тоңазыту камерасында қажетті температураға дейін салқындату және рефрижераторда тасымалдау механизмі өңделді. Кооперативтің табысы 80 млн теңгеден асқанда және өзін-өзі өтей алады деп жоспар құрып отырғанда, карантиндік шектеулер бірқатар серіктес кәсіпорындардың уақытша жабылуына себеп болып, өткізілетін өнімнің көлемі үштен бірге, өткізу сомасы – 40%-дан аса сомаға дейін азайды. Кооператив фермерлері 2020 жылы өнімді тек 10 млн теңгеге ғана сата алды. Соған қарамастан, кооператив тоқтап қалмақ емес және жаңа қалыптасқан жағдайлар мен талаптарды ескере отырып, перспективалы бағыттарды дамытатын болады.
Нұрлан ҚҰМАР







