Түркі елдерінің жастары бас қосты

1 шілде 2021
Түркі елдерінің  жастары бас қосты

Түркістанда «Түркістан – Түркі әлемінің бесігі» атты түркі елдер жастары мен белсенділерінің Халықаралық саммиті өтті. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған басқосуда «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» идеясын ілгерілету мен мәдени туризм және жастар ұйымдарының ынтымақтастығы мәселелері тақыланды.

Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған саммит онлайн және офлайн форматта өтіп, оған 300-ден астам адам қатысты. Жиында түркітілдес халықтардың өкілдері сөз сөй­леп, алқалы шараның маңыздылы­ғын атап өтті. Форумға Қазақ­стан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев видео-байланыс режимі арқылы қатысып, құт­тықтау сөз сөйледі.

Ақпарат және қоғам­дық даму министрі Аида Балаева бүгінде түркітілдес елдер арасындағы қарым-қатынас белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Осындай ауқымды жұмыстардың аясында түркі мемлекеттерінің жаста­ры арасындағы ынтымақтас­тықты нығайту мәселесі де басты назарда екенін жеткізді. «Бү­гінгі жастарымыздың өзара ынтымақтастығы мен достығы, біріккен бастамалары мен жо­балары – біздің мемлекеттер ара­сындағы байланысты одан әрі нығайтудың бірден-бір кепілі. Жастар саясатында­ғы ынтымақтастықты терең дамыту қашанда басты на­зарда. Бұл мақсатта біз жа­қында Түркия мемлекетімен жастар саясаты стратегиялық сессиясын өткізген бола­тын­быз. Нәтижесі мол жиын­да екі елге ортақ өзекті мәсе­лелер қаралып, әлеуметтік қолдау салаларында өзара тәжірибе алмасу жөнін­де келісімге келдік. Осындай стратегиялық сессияларды қы­зы­ғушылық танытқан бар­лық түркі мемлекеттерімен бір­лесіп өткізу алдағы жос­парда бар. Сонымен қатар бауырлас елдердің жастарына арналған Ясауи атындағы 50 гранттың бөлінуі – білім беру саласын­да­ғы әріптестікті жаңа деңгейге көтеріп, мәдени-ағар­тушы­лық кеңістікті кеңей­туге тың серпін береді деп сенемін. Бұл орайда, біз түркі елдерінің жас ғалымдарын осы және басқа да ғылыми жоба­лар аясында ынтымақтастық орнатып, бір­лесе жұмыс атқа­руға шақыра­мыз. Бұндай қадамдар – жас ғалымдар ар­қылы ғылы­ми бай­ланысты жаңа деңгейге көте­ріп, ортақ тарихымыздың өз елдерімізде кеңінен насихат­тауға жол ашар еді», – деді Аида Балаева.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз

Түркі елдерінің жастары бас қосты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар