Қоғам белсенділері барлық оқушыларға тегін түскі ас беруді ұсынды

Ресми деректерге сәйкес Қазақстанда 3,3 миллионға жуық оқушы мен табысы төмен отбасыларда тұратын және теңгерімді тамақ алуға мүмкіндігі жоқ «кедей» мәртебесінде 1,0 миллионға жуық бала бар.
Салтанат ҚАЖЫКЕН
Балалардың мәселесіне байланысты Zoom-конференция форматында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде тікелей эфирде «Балалардың мектептегі тамақтануы мен дене белсенділігін ұйымдастыру проблемалары» тақырыбында онлайн-конференциясы өтті. Іс-шараны Қазақстан әйелдер күштерінің альянсы мен Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ Балалар қоры ұйымдастырды.
Мектеп оқушыларының тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарттарда 7-10 жастағы оқушылар үшін – 711/942 ккал, 11-14 жастағы оқушылар үшін – 790/1055 және 15-18 жастағы оқушылар үшін – 824/1178 тамақтану құнарлығы көзделген. Дайын тағамның құны тәулігіне шамамен 800-1000 теңгеден асады. Елорда мектептеріне бару арқылы бірыңғай стандартты енгізу барысына жасалған талдау ұсынылып отырған азық-түлік жиынтығы мен өнім санының сақталмағанын көрсетті. Оқушылар мәзірінде іс жүзінде сүт, құс еті, сүзбе, жұмыртқа жоқ немесе талап сақталмаған.
Ұсынылған ас мәзірінің сақталмауы тамақтануға қаражаттың шектеулі бөлінуімен түсіндіріледі, таңғы ас немесе түскі астың нақты құны өңірге байланысты 1 оқушыға 198-405 теңге шегінде есептелген. Мектептердің 43,8%-ында асханаларда газдалған тәтті сусындар, ал мектептердің 5,2%-ында энергетикалық сусындар сатылады екен. Қанттан жасалған кондитерлік өнімдер, торттар, батончиктер, тәтті печенье мен тоқаштар республика мектептерінің 63,5%-ында, балмұздақ мектептердің 26,0%-ында сатылымда болды. Тәтті газдалған сусындар мен кондитерлік өнімдердің болуы және оларды жалпы білім беретін мектептердің қабырғасында сату оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балалар арасында тұтынуға тыйым салынған өнім түрлері қатаң регламенттелген санитариялық қағидалардың талаптарын бұзу болып табылады. Нормативтік актілердің талаптарын сақтау қоғамдық бақылау болған және балалар мен олардың ата-аналарының хабардар болуын арттырған кезде мүмкін болады.
Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы көптеген балалардың отбасыларындағы әлеуметтік және тұрмыстық проблемаларға байланысты теңдерімді тамақтану мен лайықты білім ала алмайтынына алаңдайды. Егер балалар отбасында теңгерімді тамақтанудың болмауынан туындаған физикалық және зияткерлік дамудағы кідірістерге орай оқу материалын меңгере алмаса, білім беру жүйесін реформалау нәтиже бермейді.
Мектеп баланың қалыпты ыстық түскі ас, ақуыздар, дұрыс көмірсулар мен дәрумендерді алатын жалғыз орынға айналады. Егер отбасы баланы қалыпты тамақпен қамтамасыз ете алмаса, қазіргі коронадағдарыс кезінде бұл функцияны мемлекет өз мойнына алуы тиіс, әлеуметтік көмекті ол жас қазақстандықтарға атаулы түрде жеткізетіндей етіп қайта бөлу керек.
Онлайн-конференцияға қатысушылар «Балаларды тамақтандыру – мемлекеттің стратегиялық міндеті» ұлттық жобасын әзірлеуді ұсынды. Сонымен қатар бала емізуді қолдау және мектепке дейінгі, мектеп ұйымдарында бүлдіршіндердің толыққанды теңгерімді тамақтануын енгізу шаралары, сондай-ақ балаларға арналған тегін ыстық түскі астар беру мәселесі талқылады.
Балаларды тамақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруға бағытталған мемлекеттік қаражат ауыл шаруашылығын, қазақстандық тамақ өнімдерін өндірушілерді және отандық фармацевтикалық компанияларды дамытуға инвестициялар тарту қажет. Сондай-ақ, төменгі сыныптар мен әлеуметтік отбасылардан шыққан балалардың тамақтану лимитін қайта қарау қажет, өйткені азық-түлік бағасының қазіргі заманауи өсуі кезінде мектепте тамақтандырудың бірде-бір өндірушісі 380 теңгеге балалардың теңгерімді тамақтануын қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан мектеп асханаларында балалар сапасыз және теңгерімсіз тағамдарды алады. Осыған байланысты БАҚ саласының тілшілері мен ата-аналар қоғамдастығы да үнемі назар аударып келеді.
Балаларды қолдау және болашақта балалардың лайықты дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстанда мемлекеттік мектептердегі барлық балалар үшін ыстық түскі ас түрінде тегін, ең болмағанда бір рет тамақтандыру жүйесі енгізілуі тиіс. Тамақтану стандарттары мен технологиялық карталарды қайта қарау керек, ақуыздарды, көкөністерді, жемістердің аз бөлігін (немесе күніне кемінде бір алма), сондай-ақ кем дегенде бір стакан сүтті міндетті түрде тұтынуымен теңгерілуі тиіс. Тамақтануды қарапайым Д, йод және кальций дәрумендерімен, С дәруменімен байытатындай етіп ұйымдастыру керек. Сондай-ақ, мектептердегі дене шынықтыру сабақтарын жаңғырту, мектеп жанындағы кәсіби спорт клубтарын құру тәжірибесін енгізу және балалардың дене белсенділігі жөніндегі жұмысты күшейту қажет.







