Серпін
2 мин оқу 486

Талаптыға нұр жауар

2 маусым 2021
Талаптыға нұр жауар

Ауылдардағы балалар футболының басты мәселелерінің бірі сапалы спорт алаңдарының, құрал-саймандардың және спорттық киімнің тапшылығы болып табылады.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

Осыған орай, Алматы облы­сы, Абай ауылындағы «Ауыл футбол» базасында Sun Finance холдингімен бірлескен ауылдық балалар футболын қолдауға ба­ғытталған жобаның тұсаукесері өтті. Тұсаукесер барысында Sun Finance өкілдері «Ауыл футбол» жобасын дамытуға бағытталған 5 миллион теңге көлеміндегі сертификат ұсынды. Бөлінген қаржы 5 облыста (Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Ақмола және Түркістан облыстары) «Sun Finance Cup»-тың 5 турнирін өткізуге бағытталады. 


«Ауыл Футбол» әлеуметтік жобасы аталған мәселелерді шешуде өз үлесін қосуда. 2020-2021 жылы бірнеше ауылдарда шағын футбол алаңдары салынды, 30-дан астам ауылдық футбол клубтарына материалдық көмек берілді, сонымен қатар 7 турнир мен жаттықтырушы­лар­ға арналған семинарлар, балалар­ға арналған экскурсиялар мен турнирді қамтитын «Алматы облысындағы футбол Уик-енді» атты спорттық іс-шара ұйым­дастырылды.


«Бізге жобаның ауылдағы балалар спортын дамыту идея­сы ұнады. Біз үшін әлеуметтік тұрғыда бұл жобаға қатысу өте маңызды. «Ауыл футбол» спортты насихаттайды, бұл өз кезегінде бала тәрбиесінің маңызды қыры болып табылады. Біз осындай іске атсалысуға қуаныштымыз», – деп атап өтті Sun Finance Group-тың Орталық Азиядағы хабы­ның бас директоры Виталий Нижегородцев.


Тұсаукесер рәсімінен кейін БАҚ саласында жұмыс істейтін қаламгерлер «Red Sapsans» атты балалар командасынан құралған футболшылармен жолдастық матчын өткізді. Ойын 2:2 тең есебімен тең түсті.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз

Талаптыға нұр жауар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар