Ерлікке тағзым – ардагерлерге құрмет

Бүгінгі таңда мұражай тарихи және көркемдік құндылығы бар музей артефактілері мен жәдігерлерін толықтырып, сақтап қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік маңызды оқиғалардың белсенді нысанына, мектеп жасына дейінгі балалардан бастап аға буын өкілдері арасындағы жылы шырайлы кездесулер мен диалог алаңына айналды.
Сымбат БАҚҚҰЛОВА
Мемлекеттік орталық музей өз ресурстарын аудиториямен өзара әрекеттесудің түрлі нысандары мен тәсілдерін пайдалана отырып, өскелең ұрпақ арасында еліміздің тарихи мұрасын танымал ету ісіне мол үлес қосуда. Аталмыш мұражай өзінің тақырыптық мазмұны жағынан бірегей тарихи кезеңдер мен оқиғаларды қамти отырып, еліміздің ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі тарихы мен мәдениетін көрсетеді. Музей әркімге тарихпен, археологиямен, этнографиямен жанасуға, танымдық, шығармашылық тұрғыдағы мұражай қызметіне қатысу арқылы жеке тұлға ретінде ашылуға, квест, экскурсия, көрме, фестиваль, және арт-алаңдардың, оның ішінде әлеуметтік қайырымдылық акцияларының қатысушысы болуға тең мүмкіндіктер береді.
Әлеуметтік қайырымдылық жобалар – музейдің келушілермен өзара іс-қимылының және ел мұрасы мен мәдени дәстүрлерді дәріптеудің бір түрі, музейдің түрлі қоғамдық құрылымдармен ынтымақтастық салаларының бірі. Орталық музей 2003 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды (түрлі аурулармен), қаланың әлеуметтік мекемелері – балаларды оңалту орталықтарының, балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерін қолдау мақсатында қайырымдылық іс-шараларын өткізу дәстүрінің бастамашысы болды. 2003-2020 жылдары музей балалар шығармашылығының көрмелерін, концерттерді, музей сабақтарын, экскурсияларды, аукциондарды, мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесулерді біріктіретін түрлі сипаттағы 60-тан астам қайырымдылық акциясын өткізді. Әрбір іс-шара қосымша акциялармен, арт-терапиямен, балаларға арналған мастер-кластармен сүйемелденеді, онда олар суретшілермен және сәндік-қолданбалы өнер шеберлерімен бірлесіп заттарды зерттейді, өздерінің шедеврлерін жасайды және өздерін суретші, дәстүрлі қолөнер шебері рөлінде сынап көреді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі елдегі пандемияға байланысты карантин кезінде қалыптасқан дәстүрді жалғастырып, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қолдау мақсатында «Ерлікке тағзым – ардагерлерге құрмет» қайырымдылық акциясын өткізді. Акция ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
–Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет аясында мұражаймызда бұл шара дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. Өкінішке орай, соғысқа қатысқан қарттарымыз жылдан-жылға азаюда. Дегенменде, көзі тірі ардагерлерге сыйлық табыстау біздің парызымыз, – деп атап өтті Мемлекеттік орталық музейіндегі педагогика секторының жетекшісі С.Маратқызы.
Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығы, ЖК «Аламәт» продюсерлік орталығы, «Мирас» аналар қоғамдық бірлестігі, «By ArT» көркем студиясы, «Buketych FLOWERS» гүлдер дүкені, «Бостан» ЖШС, «Magnum Cash&Carry» ЖШС, CEZARO ЖК, ZUGO HOME TEXTILE компаниясы, «Алатау-құс» ЖШС, «Sabiland» ЖШС, «МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС, «Назик» ЖШС, «Tea House» - ТМ «АССАМ шай» ЖШС, «АПТЕКАПЛЮС» ЖШС, «Lemonadoff Food» ЖШС, «Жаннаның бауырсақтары», «Platinum sharks 2.0» ЖК, «VITA BOTTLERS КАЗАХСТАН» ЖШС, «ОРИМИ СА»-Кофе Jardin» компаниясы қайырымдылық науқанына қолдау көрсетті.

Аталмыш науқан аясында Орталық музей қызметкерлері санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, «Ардагерлерімізді бірге құттықтаймыз!» ұраны бойынша музейдің тұрақты серіктестері мен демеушілері ұсынған сыйлықтарды табыс ету үшін ардагерлердің үйіне жол тартты.
Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Ерлікке тағзым – ардагерлерге құрмет» қайырымдылық акциясы ардагерлер бізге сыйлаған алғыс бейбіт күн үшін алғыс пен ризашылық білдірудің тағы бір мүмкіндігі болды. Шара аясында №176 мектеп гимназиясының оқушысы Маулен Мәди «Ерлікке тағзым – ардагерлерге құрмет» атты өлеңді тебірене оқыды. Сонымен қатар А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп гимназиясының оқушылары да өз өнерлерін ортаға салды.







