Тәрбие – тал бесіктен басталады

22 сәуір 2021
Тәрбие – тал бесіктен басталады

Елімізде отбасылық құндылықтарды нығайтуға байланысты республикалық фронт-офис өз жұмысын бастады. Бұл туралы «EN BAQYTTY El» қоғамдық қорының директоры Кәмила Сүлейменова «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі шараларды институционализациялау» жобасының басталуына арналған онлайн баспасөз-конференциясы барысында хабарлады.

Аталмыш жоба азаматтық бас­тамаларды қолдау орталығының қатысуымен жүзеге асырылуда. Түрлі форматты онлайн-семинарлар мен тренингтер өткізу есебі­нен фронт-офис жұмысы жастар мен жастарға консультациялық көмек көрсетуге бағытталатыны белгілі болды. «Отбасы – неке қатынастары мәселелері бойынша жастарға және отбасыларға консультациялық қызмет көрсету бойынша арнайы әдістемелік оқулықтар шығару жоспарлануда. Нәтижесінде отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасын біріктіру және психологиялық сау қоғамды дамыту маңыздылығы туралы ақпараттандырылған аза­маттардың саны артады», – деп түйіндеді К.Сүлейменова.

Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов жобаның басталғанын ресми түрде жариялады. Өзінің құттықтау сөзінде отбасы институтын дамыту мен нығайтуда жобаның маңыздылығын атап өтті: «Жастардың ағартушылық қызметін әлеуметтік желілер, Yоtube арнасы арқылы жүргізу және жобаның барынша көп бенефициарларын қамтуға және қазақстандықтарға отбасылық құндылықтарды дарытуға мүмкіндік беретін қамту маңыз­ды».

Іс-шараға БҰҰ-ның Қа­зақстандағы халықтың қоныс­тануы саласындағы қоры­ның (ЮНФПА) атқарушы директоры Райымбек Сисемалиев қатысып, «Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау жас отбасы денсаулығының маңызды факторларының бірі ретінде» атты баяндама жасады.

«Қазақстанның Әкелері» Республикалық әкелер қауым­дастығының төрағасы Аманқос Құлов, баспасөз конференциясы барысында отбасылық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды қалыптастырудағы отағасының рөлі туралы айтып берді.  «Отба­сының беріктігі мен тұрақ­тылығы көбінесе отбасының басшысына  ер адамға байланысты, сондықтан біз білім беру мекемелерінде саналы әке болу тақырыбында жас­тармен және жасөспірімдермен іс-шаралар өткіземіз», –  деп атап өтті ол.

Қазақстан медиаторлар қа­уым­дастығының атынан Ақнұр Жұмабаеваның сөзі «Отбасындағы жанжалды жағдайларды шешуде­гі медиативтік технологиялар» тақырыбына арналды. «JANYM» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Наталья Клюжина жас жұбайларға, жасөспірімдерге, жастарға неке қиғанға дейін саналы түрде ерлі – зайыптылық тақырыбында ағарту жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы туралы баяндама жасады.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз