Бағдар
3 мин оқу 470

Су ресурстарын тиімді пайдалану – уақыт талабы

4 наурыз 2021
Су ресурстарын тиімді  пайдалану – уақыт талабы

Бүгінгі таңда цифрландыру тиімді дамудың негізгі факторына айналуда. Заманауи цифрлық технологияларды әртүрлі салаларға және өндіріске енгізу процесі туралы жүйелі ақпарат алуға, оны жан-жақты талдауға және соңында жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.

Цифрландыру перспекти­валарын ескере отырып, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазсушар» РМК су ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы жоба­ларды іске асырып келеді. 
Бұл шаралардың өзектілігі 2020 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарын тұрақты суару үшін қоршау 9,7 текше шақырым суды құраумен байланысты. Бұл ретте бүгінгі күні фермерлерге берілген судың нақты көлемі 7,6 текше шақырымды құрайды. Осылайша, су беру үдерісінде судың шығыны 2 текше шақырымнан асады немесе су алудың жалпы көлемінің 22 пайызды құрайды. Сондықтан жедел су есебін жүргізу қажеттілігі бар.
Осы жағдайды шешу үшін Қазсушар Су шаруашылығы инфрақұрылымын цифрландыру бойынша неғұрлым тиімді техни­калық шешімдер мен жүйелі тәсілді айқындау мақсатында бірқатар пилоттық жобаларды іске асырды.
Мәселен, сәтті пилоттық жоба­лардың бірі Түркістан облысының Мақтарал ауданындағы К-19 шар­уашылық аралық суару кана­лында суармалы су шығынын есеп­теуді цифрландыруға және технологиялық процестерді авто­маттандыруға негізделген. К-19 каналының ұзындығы 12 ша­қырымға жетеді, Канал суар­малы жерлердің ауданы 3628 гектар болатын 328 ауыл шаруашылығы тауарын өндіру­шілерді суармалы сумен қамта­масыз етеді.
Бұдан басқа, меморандум аясында австралиялық «Рубикон» компаниясымен бірлесіп К-32 шаруашылықаралық каналында автоматты су есептеу бойынша пилоттық жоба іске асырылды. Оның ұзындығы 3 шақырымға жетеді.
Енді кәсіпорын арналарды автоматтандырудың 5 жылдық жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Жоспарға Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыс­тарындағы жалпы су жинауы 6 текше шақырым және ұзындығы 2830 шақырым болатын 119 негізгі магистральдық және шаруа­шылықаралық арналар енгізілген. Биылғы жылдың өзінде 23 арнада автоматтандыруды жобалау және оның 9-на құрылыс-монтаждау жұмыстары жоспарлануда. Жоспарды іске асыру 412 мың гектар суармалы жерге 9 мыңнан астам фермердің суын цифрлық есепке алуды қамтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, кәсіпорын суды коммерциялық және технологиялық есепке алу про­цесін цифрландыруға ниетті. Ол үшін «Суды есепке алу бой­ынша бірыңғай деректер базасы» ақпараттық жүйесінің жобасы әзірленуде. Қолданыстағы және енгізілетін автоматтандыру жүйелерін орталықтандыру үшін су шаруашылығы инфра­құрылымын ақпараттық орталықтандыруды бірыңғай цифрлық жұмыс кеңістігіне енгізу жоспарланған. Жүйе суды есепке алумен және реттеумен байланысты технологиялық процестерді орталықтандырылған диспетчерлендіруді көздейді. Сондай-ақ, су пайдаланушыға арналған электронды кабинетті құру қолға алынды, бұл фермер­лерге смартфондарда жеткізілетін судың сенімді көлемін смартфон­дардан көруге және қолма-қол ақшасыз төлем жасауға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, сумен жабдықтау төлемдерін банктік аударымға аудару жүзеге асырылуда. Халық пен Каспий банктерінің тех­никалық қолдауымен кейбір бөлімшелерінде оң тәжірибе бар. Мақсат – бұл процесті қолжетімді ету, яғни бірнеше рет басу арқылы барлығы бірден жасалуы мүмкін.
Суармалы жерлердің есебі мен мониторингіне, сондай-ақ суару жүйелерінен рұқсат етілмеген су алудың жолын кесуге қатысты кәсіпорын «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, Назарбаев уни­верситеті және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетімен бірге Қызылорда облысында суармалы жерлерді космомониторингтеу бойынша пилоттық жобасы іске асырылды. Пилоттық жоба нәтижесінде Жалағаш ауданында су тұтыну­шылар мәлімдеген күріш егілетін алқаптарының 120 гектарға арт­қаны анықталды.
Басқа шаралар туралы айтар болсақ, Қазсушарға «Documen­tolog» электрондық құжат айна­лымы жүйесі енгізілді. Бұл айтар­лықтай дәрежеде кәсіпорын­ның орталық аппараты мен филиалдарының бизнес-про­цес­терін оңтайландырды, ал бүкіл қағаз құжат айналымы элек­трондық форматқа көшірілді. Мемлекеттік органдармен интеграция қамтамасыз етілді. Кәсіпорын енгізген тағы бір «цифрлық» жоба қызметтік автокөліктің GPS-мониторингі болды. Пилоттық жобаның нәтижесінде көлік шығындарын 48 пайызға үнемдеуге мүмкіндік туды. Бүгінгі күні GPS-мониторинг жүйесіне 707 қызметтік көлік пен арнайы техника қосылды, бұл автомобиль паркінің жалпы көлемінің 84,3пайызын құрайды.

Нұрлан ҚҰМАР

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз

Су ресурстарын тиімді пайдалану – уақыт талабы · Мұрағат