Қор көмек қолын созып отыр

Қазақстанның Бала құқықтары туралы конвенцияны қысқа мерзімде ратификациялау фактісі елдің Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жарияланған қағидаттарды ұстануға ұмтылатынын білдіреді.
ЮНИСЕФ-тің еліміздегі жұмысының перспективалық бағыттарын қарастыра отырып, Артур ван Дизен: «Біз Қазақстанның мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның толыққанды мүшесі болуға және өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін дамыған инклюзивті қоғамы бар елге айналуын армандаймыз», – деп атап өткен болатын.
Еліміздегі бала құқығының мәселесі жөнінде Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) алаңында Сара Алпысқызының қайырымдылық және педагогика саласындағы қоғамдық бастамаларын талқылауға арналған онлайн-конференциясында талқыланған болатын. Шара барысында балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіруді жалғастыру қажеттілігіне аса назар аударды.
Алматы қаласындағы ӘЭСИ кеңсесінің басшысы Лидия Пархомчик іс-шараның жүргізіп отырды. Ол өзінің кіріспе сөзінде Сара Назарбаеваның педагогикалық және гуманитарлық мұрасының маңыздылығын, сондай-ақ пандемиялық шынайылық жағдайында жас ұрпақтың мүдделерін қамтамасыз ету және оның адамгершілік-рухани тәрбиесі мәселелерінің ерекше өзектілігін атап өтті. Онлайн-конференцияны ашқан қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (2016-2018), Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің IV және VI шақырылымдарының депутаты Зағипа Балиева, С.Назарбаеваның жобалары қайырымдылық пен педагогика саласында эталонға айналғанын тілге тиек етті. Атап айтқанда, З.Балиева конференцияға қатысушылардың назарын Қазақстан аумағындағы SOS балалар ауылдары жобасын масштабтау қажеттілігіне аударды: «Бүгінгі таңда SOS балалар ауылдары 4 өңірде жұмыс істейді. Оның үстіне, біз мекеме тәжірибесін балалар үйлерін трансформациялау үшін де пайдалануымыз керек. Әр балаға отбасы керек, ал жобада қолданылатын тәсілдер қолдау тауып, құпталуы керек».
Пікірталасты «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК бас директоры Елена Сакенова жалғастырды, ол Сара Назарбаеваның қайырымдылық мұрасына және оның педагогика саласына қосқан үлесін бағалады. «Бөбек» балалар қоры Президентінің әлеуметтік-педагогикалық қызметінің кең ауқымына жүріп өткен жолының шыңынан қарасақ, қоғамның салауатты жарқын күштерін жұмылдыра білген және әрқайсысы сүйіспеншіл әрі жанашыр қуат қайнарынан бастау алатын ізгілікті де жасампаз істердің үздіксіз жалғасын табуы рухымызды асқақтатады», – деп лебіз білдірді Е.Сакенова. Сара Назарбаеваның тұлғалық феноменін сипаттай отырып, спикер оның қоғамдық бастамаларының негізгі сәттерін атап өтті. Оның пікірінше, «Отбасылық балалар үйлері» мен «Жасөспірімдер үйлері туралы» заңның қабылдануы Қазақстанның қоғамдық өмірінің тарихындағы және Сара Алпысқызының тағдырындағы шешуші сәт болды, ол заң арқылы балалар проблемаларын шешу және балалық шақты әлеуметтік қолдауда мемлекеттің жауапкершілігі ресми түрде бекітілді.
«SOS Қазақстанның балалар ауылы» корпоративтік қорының ұлттық директоры Гүлжан Асанова балалардың, әсіресе жетім балалардың проблемаларын шешуге Сара Назарбаеваның қосқан үлесі туралы өз пікірімен бөлісті. «Сара Алпысқызы SOS балалар ауылдарын үнемі қолдап жүреді, сыйлықтар жіберіп, балалармен тілдеседі. Өткен жылы карантин кезінде Сара Алпысқызы балалардың қажеттіліктеріне бірінші болып көмек қолын созды», – деді Г.Асанова. Спикердің айтуынша, Сара Назарбаеваның қолдауының арқасында балалар ауылдарында балалар мен қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасау үшін дәрі-дәрмектер, дезинфекция және қорғаныш құралдары жеткілікті болған. Оқушылар мен студенттер қашықтықтан оқу режиміне оңай көшті, себебі әрбір отбасылық үйде ыңғайлы оқу үшін қосымша ноутбуктер, мониторлар және басқа да жабдықтар орнатылған болатын.
Дөңгелек үстел соңында ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен балалардың құқықтарын қорғау мәселелерінде республиканың елеулі ілгерілегенін атап өтті және Сара Назарбаеваның өзінің барлық қайырымдылық қызметін – әрбір баланың отбасында тұруға құқығы бар деген қағидатқа негіздеген күш-жігеріне ризашылығын білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) 2003 жылы құрылды. Оның қызметі әлемдік экономика, халықаралық қатынастар, геосаясат мәселелері, Қазақстандағы әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық процестер аясында ғылыми зерттеулер жүргізумен, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президентінің саяси мұрасын зерделеумен байланысты.
ӘЭСИ өз қызметінде зерттеулердің тәуелсіз сипатын қоғамдық пікірталасқа белсенді қатысу және талдау мен болжау саласында мемлекетті сараптамалық сүйемелдеуге жүйелі түрде атсалысу арқылы үйлестіреді.
Нұрлан ҚҰМАР







