Еңбек нарығы
3 мин оқу 574

Қазақстанның кадрлық әлеуеті

11 ақпан 2021
Қазақстанның кадрлық әлеуеті

Осыдан 30 жыл бұрынғымен салыстырғанда кемшін түсіп жатсақ та, Қазақстанның кадрлық әлеуеті айтарлықтай жоғары: жұмыс берушілер жұмыс іздеуші үш адамның екеуінен кәсібилікті талап етеді екен. Кейбір салаларда, мәселен, қаржы секторы мен денсаулық сақтау саласы қызметтерінде кәсіби маман болмай, іс жүзінде жұмысқа тұру мүмкін емес, деп жазады finprom.kz сайты.

Адами капитал – еліміз экономикасы дамуының өзекті фак­тор­ларының бірі. Қазіргі кезде әлемнің белсенді өзгеріс үстіндегі жағдайында көзге ұрарлықтай қайта құрылымдар еңбек нарығына да әсерін тигізуде. Басты өзгерістер кәсіпорындар іс-қимылы цифрландыру мен автоматтандыру үдерістері жеделдетілген қарқынға түзілгенде, яғни төртінші өнеркә­сіптік революция аясында жүзеге асып жатыр. Экономика тарапынан дер кезінде жаңғырту және тұрақты түрде өсе түскен соған қажеттілік үшін цифрландыру саласында білікті кадрлар дайындау төтенше маңызды болып саналады.

Қазір елімізде орта және жоғары білікті жұмыс күшіне сұраныс артып отыр, ал төмен білікті жұмыс орындарының саны айтарлық­тай азайған. Мәселен, 2020 жыл­дың қаңтар-қазан айларында элек­трондық еңбек нарығында 784 мың бос орын жайғастырылса, солардың 66%-сы біліктілікті талап етеді. Бұл ретте қаржы және сақтандыру қызметі, денсаулық сақтау, сондай-ақ ақпарат пен байланыс сияқты салалар 10 жұмыс іздеушінің 9-ында біліктілігі болуын талап етеді. Аймақтар бөлі­сінде білікті кадрлерге қажет­тілік Қостанай облысында (бос орындардың 80%-ы білікті еңбекті талап ететіндер қатарына жатады екен), Нұр-Сұлтан (79%) қала­сында және Алматыда (77%) неғұрлым жоғары.

Осылайша, еңбек ресурстарын дамыту мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Осы жылдың қаңтарында премьер-министр Асқар Мамин үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде 2021 жылға, соның ішінде бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту да бар, жеті негізгі бағыттарды атап көрсетті (1-инфографика).

Адами капиталды дамытуға Қазақстанда, бірінші жыл емес, назар көбірек аударылуда. Мәсе­лен, соңғы жылда білім беру саласына бағытталған инвестициялар 42,2%-ға артып, 301,6 млрд теңгені немесе елдегі күрделі қаржы жалпы сомасының 2,4%-ын құраған. Бұдан өзге, Қазақстанда цифрландыруды дамыту жағдайында, экономиканың 9 саласын қам­тыған Жаңа кәсіптер мен құзі­рет­тер атласы құрылған. Атласта кәсіптердің мынадай 3 тобы атап көрсетілген:

• Жаңалары – ресми түрде жоқ болса да, таяу кезеңде пайда болу ық­тималдық үлесі жоғары.

• Өзгермелілер – жылдам ке­зеңде күшті өзгеретін нарықта бар кәсіптер мен мамандықтар.

• Жоғалып кететіндер – жа­қын жылдарда қажет болмайтын кә­сіптер мен мамандықтар.

Жұмыс істеп жатқан маман­дардың біліктілігін артты­руға кә­сіби бағдар беру және солар­дың іс-қимылына арналған алаңдар барған сайын маңызды бола түсуде. Сондай оңды орталардың бірі – «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) базасындағы Үзіліссіз кәсіби даму бюросы (BCPD). Бұл бюро озық әлемдік үлгілерді қолданатын халық­аралық кәсіби сертификаттауға дайындыққа мамандандырыл­ған, сондай-ақ кейіннен АХҚО экожүйесінде және одан да тыс жұмыс істейтін кадрлық резерв пен халықаралық  деңгейдегі кәсібилер пулын құрайтын болады (2-инфографика).

АХҚО-ның Үзіліссіз кәсіби даму бюросы өзінің мамандарды оқыту бағдарламасын жасайды, сонымен қатар қаржылық және инвестициялық сауаттылық  үшін кәсіби шаралар өткізеді. Бүгінде BCPD-де қаржылық технологиялар (финтех) мен цифрлық экономиканы қосып есептегенде 25 түрлі тренингтік бағдарламалар арқылы 5 мыңнан астам адам біліктілігін арттырудан өткен. Жалпы алғанда, бюроның кадрлық резервіндегі деректер базасында   қызметкерлерді басқару, IT, қаржы және аудит, т.б. сияқты 12 мыңнан астам кәсібилер бар. 2025 жылға дейін АХҚО-ның кадрлық резерві 50 000 жоғары-сыныпты үміткерлермен толықпақ.

Сонымен қатар бюро QWANT жоғары технологиялар мектебі базасында цифрлық өнімдер мен қызметтер нарығының қа­зақстандық сегменті үшін кадрлар дайындайды, зерттеулер өткізуге мүмкіндік береді, жалпы алғанда, кәсіби білім берудің қазақстандық секторын дамытуға үлкен үлес қосады.

АХҚО экожүйесіне тіркеу мүмкіндігі қарастырылуымен қатар, шетелдік және қазақстандық компаниялар құзыреттіктен өзге, салықтық артықшылықтар мен мүдделерін және бизнестерін қорғап, кадрлық резервке қосылу мүмкіншіліктерін де иелене алады. Мұның бәрі кәсіпкерлердің жаңа бизнес ашуын немесе осы орталықтағы бар базаға оқшау­лануын жеңілдетеді.

Исатай ҚАМБАРОВ

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз

Қазақстанның кадрлық әлеуеті · Мұрағат