Мемлекеттік тілді білу – заман талабы

21 қаңтар 2021
Мемлекеттік тілді білу – заман талабы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілін жетік меңгермеген отандастарымызға жасаған үндеуінен кейін, KAZGUU Университеті мемлекеттік тілді қолдау мақсатында тегін ауызекі сөйлеу клубын ашты. 

«Мемлекеттік тілді білу – Қа­зақстанның әрбір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға болады. Осы орайда мен барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарыма үндеу тастағым келеді. Халқымызда «Ештен кеш жақсы» деген сөз бар. Ең бастысы, ынта болуы керек», – деген болатын Президент 2021 жылдың басында «Egemen Qazaqstan» газетінде жария­лан­ған мақаласында. «Біз 2020 жыл­дың соңында ағылшын тілін оқытатын әлеуметтік жоба баста­ған болатынбыз. Соның негізінде идеясы өзгеше «Кел, қазақша сөйлесейік!» клубы құрылып отыр. Мұнда сабақ ұлттық менталитет, тарих пен фольклордың ерекшеліктерін, қазақ халқының құндылық­тары мен басымдықтарын ескере отырып, арнайы әдістеме бойынша өткізіледі. Ауызекі сөйлеу клубының мүшелері әлеуметтік маңызы бар мәсе­лелер мен қоғамның өзекті тақырыптарын талқылайды», – деді М.С.Нәрікбаев атын­дағы КАЗГЮУ, Жоғары гумани­тарлық мектебінің директоры Анар Ибраева. 
Университет баспасөз қыз­метінің хабарлауынша, сабақ аптасына екі рет ZOOM плат­формасында және офлайн фор­матта өтеді. Алғашқы сабақ осы айдың аяғында сағат 17:00-де басталады. Қызығушылық танытқан кез келген адам сілтеме http://bit.ly/qazsoile арқылы өтіп, қазірден бастап жобаға тіркеле алады. 
Елордалық университеттің сайтында клуб жұмысына қазақ тілінде сөйлеу дағды­сын жетілдіргісі келетін кез келген адам қатыса алатыны жазылған. Клуб мүшелерінің жас ерекшелігі, қазақ тілін білу деңгейі маңызды емес. Тегін курсты білікті мамандар жүргізеді.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз

Мемлекеттік тілді білу – заман талабы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар