Инвестициялық субсидия: Егістік алқаптар мен жайылымдар қамтылды

Мемлекет шаруалар жер өңдеп, ырызық жинауға салған инвестицияның бір бөлігін өтейді. Осы мақсатқа Республикалық бюджеттік комиссия қосымша 27 миллиард теңге бөліп, инвестициялық субсидиялар аймақтар бойынша таратылды. Субсидиялауға өтінімдер онлайн режимінде, Qoldau.kz порталында қабылданады. Qoldau субсидиялау қызметі қазірдің өзінде 46 миллион гектардан астам ауыл шаруашылығы жерін қамтыды.
Биылғы жылдың басынан бастап Qoldau.kz интернет-платформасы арқылы 40 мыңнан астам фермер мемлекеттік субсидия алды (2020 жылғы 16 қарашадағы жағдай бойынша 40 049 алушы). Сонымен бірге, өткен жыл ішінде портал арқылы субсидия алуға 34 мың фермер өтінім берді. Өткен жылмен салыстырғанда алушылар саны 18 пайызға өсті, дегенмен ағымдағы жыл әлі аяқталмағанымен, жыл қорытындылары айтарлықтай болады. «Жекелеген фермерлер мен ұйымдар «Qoldau» электрондық жүйесі шағын шаруа қожалықтарына субсидия алуға мүмкіндік бермейді деп сын айтқанымен, нақты фактілер керісінше жағдайды көрсетеді. Яғни бұл тұрғыдағы көрсеткіш жыл сайын өсіп отыр. Сондай-ақ алушылардың тізілімі ашық, жалпыға қолжетімді. Ол порталда көрсетіледі. Бұл – алушылар санын көбейтуге көмектесетін және оны ашық түрде жүзеге асыратын электронды жүйе. Осы жүйенің, Qoldau-дың арқасында мемлекет коронавирустың таралу қаупі сейілмеген күрделі жағдайда қаржыландыру көлемін көбейтіп қана қоймай, алушылар санының ұлғаюына да қол жеткізді. Бұл көпшілік бас ауырта қоймайтын сала үшін маңызды жетістік», – деп атап өтті «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ бас маманы Азамат Құрманов.
Оның айтуынша, онлайн-субсидиялау тетігі бизнес үшін де, мемлекет үшін де шығындарды айтарлықтай төмендеткен. Бұрын мамандар тобының айлап істейтін жұмысына қазір бірнеше күн ғана кетеді. «Иә, көрсетілетін қызмет құнына қатысты көптеген сұрақтар болды. Фермерлерге бұл оңай емес екенін, олардың қосалқы бөлшектерге, құрал-жабдықтарға, жанар-жағармайға шығындарының үнемі өсіп отыратынын бәріміз жақсы түсінеміз. Сондықтан сараланған тариф енгізілді. Екіншіден, егер субсидиялардың жалпы көлемін алушылардың санына бөлетін болсақ, яғни белгілі бір «орташа чекті» алсақ, онда биыл шамамен 5 миллион теңге, ал өткен жылға 5,7 миллион теңге шығады. Бұл бір адамға шаққандағы субсидияның орташа мөлшері. Яғни Qoldau қызметі орташа есеппен «орташа чектің» 0,6%-ын құрайды. Менің ойымша, бұл қолайлы. Банктік төлемдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен», – дейді А.Құрманов.
Бүгінгі таңда Qoldau платформасы арқылы субсидия алушылар Қазақстанның егістік алқаптарының 72%-дан астамын өңдейтін (бұл – елдің 25 миллион гектар егістік алқабының 18,6 миллионы!) астық өсірушілер болып табылады. Яғни еліміздің егістік алқаптарының 2/3 бөлігі субсидиямен қамту аймағына нақ осы электронды платформаның арқасында еніп отыр. Егер егістік алқаптармен қатар жайылымдық жерлерді де есепке алатын болсақ, онда қазірдің өзінде Qoldau арқылы 46 миллион гектардан астам ауыл шаруашылығы жері субсидиямен қамтылды.
Биылғы сандар нақты емес, өйткені қосымша 27 миллиард теңге бұл көрсеткіштерді айтарлықтай түзете алады. Аймақтар тұрғысынан шығындарды өтеуге бағытталған трансферттер көлемі төмендегідей (мың теңгемен):

РЫМТАЙ САҒЫНБЕКОВА







