Қайтыс болған дәрігерлердің отбасына көмек көрсетілді

KustoHelp қайырымдылық қоры коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасыларына 1 миллион теңгеден аударды.
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болған медицина қызметкерлерінің саны 174 адам екенін мәлімдеді. Оның ішінде: қызметтік борышы бойынша пандемиямен күреске бірінші болып тұрып, өзіне негізгі соққы алған 98 дәрігер, 40 орта буын медицина қызметкері, 14 санитар, 8 арнайы көлік жүргізушісі, фельдшерлер, зертханашылар және басқа да мамандар. Өкінішке орай, олар бұл күресте әр адам үшін ең қымбат – өз өмірлерін берді. Олар коронавируспен соғыста қаза тапқан біздің еліміздің нағыз батырлары.
Кез-келген соғыстағы сияқты, біздің парызымыз – қаза болған батырларды есте сақтау және құрметтеу, сонымен бірге асыраушының жоғалуына байланысты онсыз да онша емес материалдық жағдайы одан сайын зардап шеккен олардың отбасылары туралы ұмытпау.
KustoHelp қайырымдылық қоры қайтыс болғандардың отбасыларына қаржылық көмек түрінде материалдық көмек бөлуге шешім қабылдады. Қор қызметкерлері қайтыс болғандардың туыстарымен байланысып, көмек қабылдауға келіскен 141 отбасын анықтады. Таяуда KustoHelp қайырымдылық қоры медицина қызметкерлерінің әрбір отбасына 1 миллион теңгеден аударды – барлығы 141 миллион теңгені құрады. Қамтылмаған отбасылар бойынша жұмыс жалғасуда, өйткені байланыс деректері нақты емес немесе туыстары байланысқа шықпайды.
Қор бизнес-қоғамдастықты және Қазақстанның өзгенің жағдайына бей-жай қарамайтын азаматтарын қаза тапқан дәрігерлердің отбасыларын қолдауға шақырады. Медицина қызметкерлерінің отбасылары осыны бағалайтынына және олардың қаза тапқан туыстары мен жақындары туралы еліміздің адамдары тек сөзбен ғана емес, іспен алғыс айтқанын сезінетініне сенімді. Қайтыс болған дәрігерлер олардың отбасыларына жақында өздері бізге қамқорлық жасағандай қамқорлық көрсеткенімізді көрсе бақытты болар еді.
KustoHelp қайырымдылық жобасын Kusto Group халықаралық компаниясы құрған және Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирус пандемиясы себебінен жарияланған төтенше жағдай кезеңінде халықтың неғұрлым зардап шеккен және осал топтарына көмек көрсетуге бағытталған. Карантин кезеңінде көмектің жалпы көлемі 1 057 654 502 теңгені құрады. Халыққа және дәрігерлерге көрсетілген көмектің негізгі бағыттарына тоқталып өтейік. Бүкіл Қазақстан бойынша 12 000-нан астам отбасына «Я – алматинец», «Клуб Добряков» және тағы да басқа волонтерлік ұйымдардың қолдауымен жалпы сомасы 153 миллион теңгеге азық-түлік жиынтығы берілді. Отбасы үлгісіндегі балалар үйі үшін 1 шағын автобус және Қостанай мен Жамбыл облыстарының аудандық ауруханалары үшін 2 реанимобиль сатып алынды. Бүкіл Қазақстан бойынша 100-ге жуық медициналық мекемелерге жалпы сомасы 294,3 миллион теңгеге жеке қорғану құралдары, дәрі-дәрмектер және жабдықтар түрінде көмек көрсетілді. 150 кіші медицина қызметкеріне жалпы сомасы 17 миллион теңгеге атаулы материалдық көмек көрсетілді. Қазақстанның 50-ден астам ауруханасының дәрігерлері мен пациенттерін тамақтандыру үшін KazBeef 176 миллион теңге сомасына 80 тонна ет өнімін жеткізеді. Қазақстанның Украинадағы елшілігінің қолдауымен дәрі-дәрмектер – 55 000 левофлоксацин қаптамасы және 28 330 меропенем құтысы еліміздің облыстық және қалалық ауруханаларына таратылуы үшін «СК Фармацияға» берілді. Көмектің жалпы сомасы 86,7 миллион теңгені құрады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жасаған тізімдер бойынша коронавирус салдарынан қайтыс болған 141 медицина қызметкерлерінің отбасына материалдық көмек көрсетілді. Тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда, KustoHelp көпбалалы аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй сатып алуға және салуға көмек көрсетуде. Тұрғын үй бағдарламасының жалпы сомасы 90,4 миллион теңгені құрайды. Семей, Шымкент, Жамбыл және Қызылорда облыстарының оқушыларына 19 миллион теңге сомасына 410 планшет берілді.
Нұрлан ҚҰМАР







